Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ЕРЕЖЕСІ
- Толығырақ
- Жарияланды 11.06.2024 06:31
- Автор: Super User
- Категория: басты бет
- Қаралды: 990
2024-06-11
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауы – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерінің арасында өтетін дәстүрлі байқау. Байқауды ұйымдастырушы – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – ҚДБ).
1.2. «Құлагер» байқауы Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара.
1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың редакциялары, шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлар қатысады.
2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауы халықты облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету мақсатында өтеді.
2.2. Байқаудың негізгі мақсаттары:
- Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын көрсету;
- Аймақтың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін паш ету;
- Сапалы бұқаралық ақпарат құралдарын насихаттау және дамыту;
- New-media-ның (блогинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін дәріптеу;
2.3 Байқаудың негізгі міндеттері:
- Облыстың Тәуелсіздік жылдарындағы ақпараттық - имидждік жетістіктерін жария ету;
- Баспа және электронды БАҚ өкілдерінің кәсіби дамуын, шығармашылықта өзін-өзі дамытуын моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру;
- Облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау.
- Мемлекет басшысының дәстүрлі жолдауларын, тапсырмаларының орындалуын және ұлттық құрылтайда көтерген мәселелерін кеңінен насихаттау;
- Тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің мерейлі жылдарын зерттеп, келешек ұрпаққа өмірі мен өнегесін насихаттау;
3. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауына қатысушылар:
- Өңірлік БАҚ, Республикалық БАҚ (облыстағы) меншікті қызметкелері;
- Жеке ізденушілер – аймақтық және орталық БАҚ-та, облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар мен телерадиокомпанияларда жұмыс істейтін журналистер (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер);
- Жазылушы аудиториясы болатын өңірде жұмыс істейтін блогерлер, қоғамдастық әкімшіліктері;
3.2. Байқауды өткізу барысында қатысушылар презентация, қайырымдылық іс-шаралар мен баспасөз конференцияларына тартылуы мүмкін;
3.3. Номинант ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Номинант туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады;
3.4. Байқауға соңғы 3 жылда жеңімпаз атанған БАҚ өкілдері қатыспайды.
4. КОНКУРС АТАЛЫМДАРЫ
4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:
1. «Үздік мақала» (ақпараттық мақала, очерк, эссе, сараптамалық шолу, репортаж, сұхбат);
2. «Үздік телесюжет» (жаңалық сюжет, телеочерк, сараптамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, деректі фильм, журналист жұмысын бағалау, мәтінге, тақырыпқа, маңызына назар аударылады);
3. «Үздік оператор» (бейнематериал);
4. «Үздік бейнедизайн» (облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда, республикалық және жергілікті бағдарламалады іске асырудағы, патриоттық тәрбиедегі маңызы бар және басқа да әлеуметтік мағынадағы роликтер, подкасттар, бейне жарияланымдарды графикамен әрлеу);
5. «Үздік баспадизайн» (газет бетіне шағатын мақаларды және әлеуметік желіге таратылатын хабарлама, ақпаратты әзірлеуге пайдаланатын постер, коллаж, инфографика, баннер және т.б. графикалық жұмыстар. Сонымен қатар, газет, сайт, әлеуметтік желідегі жарияланымдардың ерекше дизайнмен көркемдеуі);
6. «Әлеуметтік желідегі өзекті мәселе» (әлеуметтік желіде өткір әрі маңызды тақырыптар көтеру, проблемалардың оң шешілуіне ықпалдасу және қаралым саны 5 мың астам жинаған посттар мен жарияланымдар).
АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР
7. «Ардагер журналист» (Осы салада ұзақ жыл еңбек еткен, өңірлік БАҚ – ты дамытуға атсалысқан);
8. «Бейсен Құранбек атындағы кәсіби шеберлігі үшін» (көтерілген мәселенің шешімі табылған материал).
5. КОНКУРС МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ:
5.1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.
5.2. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана қатыса алады. Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 2024 жылғы 1 маусым аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал ұсынылуы тиіс.
5.3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды. Қазылар алқасына байқауға қатысқан материалдардың авторы көрсетілмейді.
5.4. БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):
- Ұсынылған номинацияға сәйкестігі;
- Мәселенің әлеуметтік маңызын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігі;
- Материалды ұсынудағы жаңалық және ерекшелік, кәсібилік пен публицистикалық шеберлік;
- Жарияланым сапасы (тұжырымдар, цифрлар, фактілер);
- Фотосуреттердегі арнайы эффектілер 30% дан аспауы керек, авторлық құқық бұзылмауы қажет.
БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
- Файл көлемі: 25 ГБ дейін;
- Формат: mp4;
- Видеокодек: H264 (MainConcept);
- Bitrate: 3 600-ден 10 000 kbps-ге дейін;
- Разрешение: 1280х720 немесе 1920 х 1080;
- Framerate: 25fps;
- Keyframe: әрқайсысы 25;
Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.
6. БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ
6.1. Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2024 жылғы 16 маусымға дейін қабылданады. Конкурсқа 2023 жылдың 1 маусмынан 2024 жылғы 1 маусым аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да БАҚ-та, телеэфирлерде, блогтарда жарияланған материалдарды ұсынуға болады.
6.2. Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды. Материалдардың авторы қазылар алқасы үшін жасырын болады.
7. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
7.1. Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.
7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені басшылыққа алады.
8. КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
8.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша қазылар алқасын құрады
8.2. Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды.
8.3. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, қоғамдық журналистік ұйымдарының өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ басшылары, ғылым және қоғам қайраткерлері, байқаудың әріптестері кіреді.
8.4. Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі.
8.5. Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне міндетті түрде қатысуы қажет.
9. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ
9.1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
9.2. Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы.
9.3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2024 жылдың 28 маусымда өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.
9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.
10. БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ
10.1. Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек.
10.2. Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы немесе мына электрондық мекенжай бойынша: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .
10.3. Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;
10.4. Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.
10.5. Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:
- Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады;
- Материалдың хронометражы 3 минуттан аспауы тиіс;
- Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пиксельден бастап.
10.6. Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда және басқа да дереккөздерде толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.