Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығының ЕРЕЖЕСІ

2024-07-12


 

1.     ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ

1.1. Байқауды ұйымдастырушы «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Жетісу Жастары» КММ.

1.2. Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығы Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына белсене атсалысып жүрген жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыстық ауқымдағы іс-шара.

 

 

2. БАЙҚАУДЫҢ  МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығы 14-35 аралығындағы үздік жастарды марапаттау, ынталандыру және жеткен жетістіктерін халыққа паш ету мақсатында өткізіледі.

2.2. Байқаудың негізгі міндеттері:

-       облыс жастарының жеткен жетістіктерін жария ету;

-       облыстық жастар саясатындағы жаңа перспективалы есімдерді анықтау;

-       мемлекеттік және өңірлік жастар саясатын жүзеге асыруға тарту;

-       үздік жастарға материалдық қолдау көрсету.

 

         3.  ҚАТЫСУШЫЛАРҒА  ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

3.1. Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2024» жастар сыйлығына үміткерлер:

-     Жетісу облысының  14-35 жас аралығындағы (өтінім берудің соңғы күніне дейін) белсенді жастары;

-     мектеп, колледж, ЖОО білім алушылары, волонтерлар, мұғалімдер мен жас ғалымдар, мәдениет, спорт, медицина саласының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, журналистер және жас отбасылар мен жастар ұйымдары;

-     белгілі бір салада жетістіктерге жетуі және облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алып жүрген жастар;

-     белсенді, білімді, креативті ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянып қалмайтын нағыз Көшбасшы жас болуы керек.

3.2. Байқауды өткізу барысында үміткерлер презентация, қайырымдылық
іс-шаралар мен баспасөз конференцияларына тартылуы мүмкін.

3.3.   Үміткер ұсынған құжаттардың растылығы мен заңдылығына толық жауапты.

3.4. Байқауға соңғы 3 жыл ішінде жеңімпаз атанған жастар  қатыспайды.

3.5. Үміткерлер қазіргі таңда Жетісу облысында тұруы және жұмыс істеуі/оқуы міндетті.

 

4. БАЙҚАУДЫҢ АТАЛЫМДАРЫ

4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі (тіркеу керек растайтын құжаттары):

 

1) «Жетісу Көшбасшысы – 2024»

-     жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     спорт, білім, медицина, кәсіпкерлік, мәдениет, журналистика, мемлекеттік қызмет, жастар ұйымдары, ауыл шаруашылық, волонтерлік, қайырымдылық, экологиялық және т.б. салада қызмет атқарып жүрген, қоғамда, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жастардың өзекті мәселелерін көтеріп, шешуге атсалысқан (портфолио: өзекті мәселені көтеру, шешу бойынша материал, жеке жетістіктерін растайтын құжат суреттерімен);

-     еңбек жолында басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (басшысының қолы және мөр қойылған оқу орнынан/жұмыс орнынан анықтама);

-     студент, оқушы үшін: оқу орнынан барлық жылдар бойынша оқу үлгерімі туралы анықтама;

-     халықаралық олимпиадалардың республикалық, ғылыми жобалардың, конкурстардың жүлдегерлері (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);

-     жас ғалымдар үшін: ғылым саласында дәлелденген ғылыми жұмыстары (патенті) бар, соңғы 3 жылда республикалық, халықаралық ғылыми журналдарда мақалалары жарияланған (журнал атауы, шығарылған жылы, көшірмесі), магистрлік және PhD дәрежесінің болуы (оқу орнынан анықтама немесе диплом көшірмесі);

-     отбасылы үміткерлер үшін: отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтары болуы, ері мен әйелінің жас мөлшері 35 жасқа дейін (жеке куәлік көшірмесі), толыққанды отбасы болуы және ресми неке куәлігінің болуы (неке куәлігінің және балалардың туу туралы куәлік көшірмесі), еңбек, жұмысшы мамандықтары әулеттерінің өкілдері ескеріледі, отбасы институты мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосып жүрген үлесі бар (портфолио, жоба, іс-шаралары), отбасында 4 немесе одан да көп баланың тәрбиеленуі;

-     кәсіпкерлер үшін: жеке кәсіпкерлікте жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес (кәсіпкерлікті растайтын Egov-тан анықтама), шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік жаңашыл идея немесе үлес қосқан, отандық тауардың сапасының артуы үшін инновациялар енгізіп жүрген (портфолио, жоба, өнім), қайырымдылықпен және демеушілікпен айналысу (сурет, жарияланымдар, қаржылай анықтама), кәсіпорынға жастарды, оның ішінде NEET санатындағы, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырған (штаттық кесте), кәсіпорын ауқымы мен штаты үлкен, желілерінің бар болуы сияқты критерийлер ескеріледі (кәсіпорын туралы ақпарат және құрылымы);

-     көшбасшылық қасиетке, оқуда озат, айрықша дағды мен шеберлікке ие болуы;

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға зор үлес қосып жүрген болуы керек (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
10 ұсыныс хат)
;

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамота, сертификаттарының болуы (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);

-     және т.б. конкурстарда, номинацияларда ескерілмейтін, еңбегі көзге көрінбейтін, бірақ қоғамда белсенді болып жүрген жастар қатыса алады.

 

2) «Үздік жас қоғам белсендісі»

-     жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     волонтерлік, қайырымдылық, экологиялық және т.б. салада қызмет атқарып жүрген, қоғамда, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жастардың өзекті мәселелерін көтеріп, шешуге атсалысқан (портфолио: өзекті мәселені көтеру, шешу бойынша материал, жеке жетістіктерін растайтын құжат суреттерімен);

-     еңбек жолында басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (басшысының қолы және мөр қойылған оқу орнынан/жұмыс орнынан анықтама);

-     көшбасшылық қасиетке, оқуда озат, айрықша дағды мен шеберлікке ие болуы;

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға зор үлес қосып жүрген болуы керек (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
3 ұсыныс хат)
;

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамота, сертификаттарының болуы (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);

-     және т.б. конкурстарда, номинацияларда ескерілмейтін, еңбегі көзге көрінбейтін, бірақ қоғамда белсенді болып жүрген жастар қатыса алады.

 

3)    «Үздік жас спортшы»

-     жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардың жүлделі орын иегерлері (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);

-     еңбек жолында басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы (басшысының қолы және мөр қойылған оқу орнынан/жұмыс орнынан анықтама);

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға зор үлес қосып және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген (портфолио, жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде 3 ұсыныс хат);

-     көшбасшылық қасиетке, оқуда озат, айрықша дағды мен шеберлікке ие болуы;

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамота және спорттық дәрежесі болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);

 

4)    «Үздік студент»

-     жас мөлшері 14-тен 23 жасқа дейінгі жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білім алушылары (жеке куәлік көшірмесі);

-     көшбасшылық қасиетке, оқуда озат, айрықша дағды мен шеберлікке ие болуы (GPA көрсетілген анықтама);

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға зор үлес қосып жүрген болуы керек (портфолио, ғылыми жұмыстары, жобалары және жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде 3 ұсыныс хат);

-     жастар ұйымдары мен қозғалыстарда кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (басшысының қолы және мөр қойылған оқу орнынан анықтама);

-     мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамота, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

5)    «Үздік оқушы»

-     жас мөлшері 14-тен 19 жасқа дейінгі орта оқу орындарының білім алушылары (жеке куәлік көшірмесі);

-     көшбасшылық қасиетке, оқуда озат, айрықша дағды мен шеберлікке ие болуы (оқу үлгерімі көрсетілген анықтама);

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген болуы (портфолио, жобалары, іс-шаралары);

-     қоғамдық жұмыстарға (ментор, дебат, өзін-өзі басқару ұйымдары және т.б) белсенді қатысып жүрген (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
3 ұсыныс хат)
;

-     халықаралық олимпиадалардың республикалық, ғылыми жобалардың, конкурстардың жүлдегерлері (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);

-     мемлекет басшысы, әкімдік, мектеп немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамоталардың болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

6) «Білім және ғылым саласының үздік жас көшбасшысы»

-     жас мөлшері 18-ден 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     оқу орнында, ғылым зерттеу институттарында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес (басшысының қолы және мөр қойылған оқу орнынан/жұмыс орнынан анықтама);

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген болуы керек (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
3 ұсыныс хат)
;

-     көшбасшылық қасиетке, айрықша дағды мен шеберлікке ие болуы;

-     өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан (портфолио, жобалар, іс-шаралар);

-     еңбек жолында басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы (басшысының қолы және мөр қойылған оқу орнынан/жұмыс орнынан анықтама);

-     ғылым саласында дәлелденген ғылыми жұмыстары (патенті) бар;

-     соңғы 3 жылда республикалық, халықаралық ғылыми журналдарда мақалалары жарияланған (журнал атауы, шығарылған жылы, көшірмесі);

-     жас ғалымдар үшін: магистрлік және PhD дәрежесінің болуы қажет (оқу орнынан анықтама немесе диплом көшірмесі);

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

7) «Үздік жас отбасы»

-     отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтары болуы;

-     ері мен әйелінің жас мөлшері 35 жасқа дейін (жеке куәлік көшірмесі);

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген болуы (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
3 ұсыныс хат)
;

-     толыққанды отбасы болуы және ресми неке куәлігінің болуы (неке куәлігінің және балалардың туу туралы куәлік көшірмесі);

-     еңбек, жұмысшы мамандықтары әулеттерінің өкілдері ескеріледі;

-     отбасы институты мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосып жүрген үлесі бар (портфолио, жоба, іс-шаралары);

-     отбасында 4 немесе одан да көп баланың тәрбиеленуі;

-     отбасы мүшелері өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

8)    «Үздік жас кәсіпкер»

-     жас мөлшері 18-ден 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     жеке кәсіпкерлікте жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес (кәсіпкерлікті растайтын Egov-тан анықтама);

-     шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік жаңашыл идея немесе үлес қосқан, отандық тауардың сапасының артуы үшін инновациялар енгізіп жүрген (портфолио, жоба, өнім);

-     көшбасшылық қасиетке, айрықша дағды мен шеберлікке ие болуы;

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген болуы керек (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
3 ұсыныс хат)
;

-     қайырымдылықпен және демеушілікпен айналысу (сурет, жарияланымдар, қаржылай анықтама);

-     кәсіпорынға жастарды, оның ішінде NEET санатындағы, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырған (штаттық кесте);

-     кәсіпорын ауқымы мен штаты үлкен, желілерінің бар болуы сияқты критерийлер ескеріледі (кәсіпорын туралы ақпарат және құрылымы);

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

9) «Мәдениет саласының үздік жас көшбасшысы»

-     жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     әнші, биші, күйші, ақын, жазушы, театр, кино әртістері және т.б. (диплом, сертификат көшірмелері);

-     көшбасшылық қасиетке, айрықша дағды мен шеберлікке, жастар арасында танымалдыққа ие болуы;

-     соңғы 3 жылда халықаралық, республикалық байқаулардың жүлделі орын иегері (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);

-     еңбек жолында басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы (басшысының қолы және мөр қойылған жұмыс орнынан анықтама);

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген болуы (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
3 ұсыныс хат)
;

-     жеке репертуарлары, туындылары мен шығармалары болуы (платформа, әлеуметтік желі мен ғаламторда, басылымдарда шығарылуы);

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, сертификаттарының болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

10) «Медицина саласының үздік жас көшбасшысы»

-     жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     дәрігерлер, орта және кіші медициналық персонал (жедел медициналық көмек, акушерлер, санитарлар және т.б.) (диплом, сертификат көшірмелері);

-     медицина саласында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, еңбек жолында басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы (басшысының қолы және мөр қойылған жұмыс орнынан анықтама);

-     өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан (портфолио, медицина қызметкерлері әулеті, істеген ота және т.б. жұмыстары);

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген болуы (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
3 ұсыныс хат)
;

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

11) «Үздік жас журналист»

-     жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     теле, радио жүргізушілері, тілші, редакторлар, операторлар, режиссер, дизайнер, бейне инженер, дыбыс режиссері (диплом, мекеменің ұсынысы);

-     медиа саласында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес (басшысының қолы және мөр қойылған жұмыс орнынан анықтама);

-     мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жүрген (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
3 ұсыныс хат)
;

-     қазақстандық журналистиканың даму саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысып жүрген (өзекті зерттеу жұмыстары, жобалары, ұзақ жылдық бір қызметтегі еңбегі);

-     өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосып жүрген (портфолио, сурет, жарияланымдар, әлеуметтік желідегі белсенділік);

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

12) «Үздік жас мемлекеттік қызметші»

-     жас мөлшері 18-ден 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы (басшысының қолы және мөр қойылған жұмыс орнынан анықтама);

-     қызметтік тізім;

-     көшбасшылық қасиетке, айрықша дағды мен шеберлікке ие болуы;

-     мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқыту, спартакиада және т.б.
іс-шараларға белсенді қатысқан (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері);

-     өзінің кәсіби қызметі саласында елеулі жетістіктері, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосқан (өз саласы бойынша жұмыс істескен кем дегенде 3 қарапайым азаматтан (әріптес емес) мінездеме, жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде 3 ұсыныс хат, әдеп жөніндегі уәкіл мен мемлекеттік қызмет істері агенттігінен анықтама);

-     мемлекеттік қызметке жастарды тарту, қоғаммен тиімді жұмыс істеу, мемлекеттік қызметті дамыту/беделін арттыру бойынша 3 идея ұсыну;

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

 

13) «Үздік жастар ұйымы»

-     жетекшісі мен мүшелерінің жас мөлшері 18-ден 35 жас аралықта (жеке куәлік, заңды тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі);

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген болуы (кем дегенде 5 жастар ұйымдары, 5 мемлекеттік мекемелерден ұсыныс хат);

-     кемінде 3 жыл облыс көлемінде қызмет атқаруы, жастар саласы бойынша іске асырған жобаларының болуы (іске асырылған жобалардың тізімі: мерзімі, орны, тапсырыс беруші, сомасы және т.б.);

-     ұйымның аудан/қалалық филиалдарының болуы (Egov-тан анықтама);

-     ұйымның жарғылық мақсаты бойынша елеулі жетістіктері,  әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосқан (жарғы көшірмесі және құрылтайшылар тізімі);

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, министрлік, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамоталардың, сертификаттарының болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

        14) «Ауыл шаруашылық саласының үздік жас көшбасшысы»

-     жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     агроөнеркәсіп, ветеринария, егін, жер, құс, балық, мал шаруашылығының барлық деңгейдегі мамандары (диплом, сертификат көшірмелері);

-     ауылшаруашылық саласында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, еңбек жолында басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы (басшысының қолы және мөр қойылған жұмыс орнынан анықтама);

-     өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен, әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан (портфолио, істеген жұмыстары және т.б.);

-     облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген болуы (жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелерден кем дегенде
3 ұсыныс хат)
;

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

 

15) «Үздік жас патриот»

-     жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);

-     адам денсаулығын немесе өмірін сақтап қалу, апаттық жағдайларды алдын ала ескерту салдарын жою, қылмысты болдырмау жайында амал жасау сияқты және т.б. жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі;

-     соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан медаль, алғыс хат, грамоталардың, сертификаттарының болуы қажет (көшірмелері, куәлік және медаль суреттері).

5. БАЙҚАУ  МАТЕРИАЛДАРЫН  БАҒАЛАУ  ӨЛШЕМДЕРІ

5.1.  Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңде ұйымдастырушылармен құжаттардың сәйкестігі тексеріледі (толықтыруға 1 жұмыс күні беріледі) және екінші кезеңде арнайы бекітілген ережеге сәйкес құрылған комиссия жұмыстарды бағалайды.

5.2. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана  қатыса алады.

5.3. Байқауға соңғы 3 жылда жеткен жетістіктері ұсынылады.

5.4. Комиссия мүшелері үміткерлердің портфолиосын қарау арқылы бағалау парағына сәйкес критерийлер бойынша балл қояды (өлшемдері 1-ден 10 баллға дейін): жұмыс өтілі; халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадалар; оқудағы жетістігі; қоғамдық жұмыстары; жастар арасында танымалдығы; жұмысшы мамандықтар; қайырымдылық пен демеушілік; ұлттық құндылықтар; ісіне адалдығы; жастарды қамту саны; іс-шаралардың сапасы; ұсыныс хат/мінездеме/наградалардың деңгейіне; өзектілігі; жеке белсенділігі мен үлесі және т.б. ескеріледі.

5.5. Портфолиоға қойылатын жалпы техникалық талаптар, 1 баспа нұсқада: көлемі – A3-тен үлкен емес; түрлі-түсті жұмсақ 200 гр. төмен емес қағазда түптелген (переплет); нөмірленген; суреттермен расталған; бірінші бетінде мазмұндамасы бар болуы (портфолиолардың ағаштан, сандық түрінде және т.б. креативті нұсқалары үшін қосымша балл берілмейді; қарапайым, әдемі және қысқа да түсінікті түрі құпталады) және 1 электрондық нұсқада (флешка): файлдар архивтелген; көлемі 25 ГБ дейін; барлық құжаттар арнайы аппарат арқылы сапалы және көрінетіндей сканерленген; реттілік бойынша қойылған; барлық файлдар біріктірілген 1 PDF түрінде; атауына ТАӘ, номинация және аудан/қала жазылған болуы керек. Қажет болған жағдайда комиссия мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.

 

6. БАЙҚАУДЫҢ  ӨТУ  ТӘРТІБІ

6.1. Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2024 жылғы 28 шілдеге  дейін қабылданады.

6.2. Байқаудың қазылар алқасы берілген портфолиоларды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды.

 

7. БАЙҚАУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ  КОМИТЕТІ

7.1.  Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға  қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.

7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені  басшылыққа алады.

 

 

8. БАЙҚАУДЫҢ  ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

8.1. Өтінімдерді бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр номинация бойынша  қазылар алқасының отырысын ұйымдастырады.

8.2. Қазылар алқасы облыс әкімінің өкімімен бекітіледі.

8.3. Қазылар алқасы үміткерлер ұсынған портфолиоларды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды.

8.4. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, облыс әкімінің орынбасары, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, журналистер, білім мен ғылым, мәдениет, медицина саласының өкілдері, өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары, байқаудың әріптестері т.б. кіреді. 

8.5. Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне міндетті түрде қатысуы қажет.

 

9. БАЙҚАУДЫҢ  ҚОРЫТЫНДЫСЫН  ШЫҒАРУ

9.1. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысы бойынша балл беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.

9.2. Марапатқа лайық портфолиолар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлдені бермеу жөнінде байқау  ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы. 

9.3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау               2024 жылдың 12 тамызына жоспарланған. Марапаттау салтанатына байқауға қатысқан және жеңімпаз алған үміткерлер, яғни, мектеп, колледж, ЖОО білім алушылары, волонтерлер, мұғалімдер мен жас ғалымдар, мәдениет, спорт, медицина саласының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, журналист және жас отбасылар мен жастар ұйымдары, одан бөлек барлық қызығушылық танытқан тұрғындар мен қонақтар қатысады.

9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

 

10. БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ

10.1. Құжаттарды электронды және баспа нұсқада өткізу қажет. Эл.пошта This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . Өтінімдер мен керекті құжаттарды 040000, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев көшесі, № 47 (204 кабинет) мекен-жайына а.ж. 28 шілдесі 18:00-ге дейін тапсыру керек. Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары:                       +7 (747) 465-50-90 Ш.Саматқызы, +7 (707) 682-69-49 А.Нурахметова.

10.2.  Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;

10.3.  Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда  және басқа да дереккөздерде  толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.

 

11. ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

1 бет – Мұқаба: үміткердің аты-жөні; суреті; номинация; аудан/қала.

2 бет – Өтінім: датасы мен қолы қойылған.

3 бет – Мазмұндама нөмірленген.

4-5 беттер – Кіріспе: өмірбаян, өзі туралы толық ақпарат, ішінде ТАӘ; туған жылы, күні, айы; оқу/жұмыс орны; отбасы туралы мәліметтер; еңбек/жұмыс өтілі/тәжірибесі, қызығушылықтар және т.б.

6-20 беттер – Жетістіктері жыл/ай/күні бойынша реттелген, ішінде ақпараты және суреттермен расталған болуы керек (көшірмелер түрлі-түсті дипломдар, алғыс хаттар, марапаттаулар атаулары мен жылы көрсетілген).

21 бет – «Неге мен «Көшбасшы» жастар сыйлығына лайықтымын?!» тақырыбында мотивациялық эссе.

22-25 беттер – 5 фотосурет: 1 жалғыз өзі түскен, 2 жұмыс барысында түскен сурет, 1 бос уақытта, 1 отбасында түскен сурет.

 

 

2


 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4729114