ЖАҢА АППАРАТТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

   Заман талабына сәйкес цифрлық технология жүйесі медицина саласына ақырындап еніп жатыр. Республикамыздың көптеген өңірлерінде енгізілген бұл жүйенің тиімділі аздаған уақыттың ішінде өз нәтижесін беруде. Мәселен, цифрлы-ақпараттық жүйе арқылы адамдар өз уақыттарын үнемдеумен қатар, ауру көрсеткіштері азаяды деп күтілуде. Бұл әрине біздің жас мемлекетіміз үшін аса тиімді болмақ.

 

   Біздің   аудандық ауруханамызда да цифрлы жүйе дендеп енгізіліп жатыр. Оның бір дәлелі ретінде аудандық ауруханадағы компьютерлік томографияны айтуға болады. Компьютерлік томография ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Одан бөлек жүрек аурулары мен сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға болады. Өңіріміздегі халыққа қызмет көрсететін бұл аппаратпен жұмыс жасап жатқан мамандар да білікті. Атап айтқанда, аудандық ауруханада дәрігер болып Үсенов Талғат жұмыс жасап жатыр. Ол 1992 жылы Қарағанды медицина институтын бітірген. Ал, Нұрпейісова Нағима болса осы аталған ауруханада медбике болып істейді. Ол 1982 жылы Талдықорған қаласындағы медициналық колледжін бітірген. Осындай білікті мамандармен заманауи аппарат арқылы талай аурулардың алдын алуға мүмкіндік жоғары.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4736535