ЖАН ЖЫЛУЫ МОЛ АБЗАЛ ЖАН
- Толығырақ
- Жарияланды 18.01.2019 07:47
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1912
18.01.2019Ж
Әр адам өз өмір жолдарында ақ халатты абзал жандарға жүгінетіндігі анық. Мемлекеттің ең басты байлығы денсаулық болса, дәрігерлер сол басты байлығымызды көздерінің қарашығындай сақтап, елеулі еңбек атқарып келеді.
Күнделікті өмірде медицина қызметкерлерінің себепші болуымен тоқтаған жүректер қайта соғып, сыздаған балтырлармыз жазылып, талайлардың үкілі үміттері ақталып келеді.
Жас пен кәріге қолдарынан келгенше көмектерін аямайтын абзал жандарға мен де барып, дертіме дауа іздеген болатынмын. Нақтырақ айтсам, мен Шолақай ауылының тұрғынымын. Осы ауылда дүниеге келдім. Есімім Мансурова Селимам. 2012 жылы «Сұңқар» медицина орталығында менің жүрегімде ақау барлығы анықталды. Содан бастап жүрек ауруымен қатты қиналып жүрдім. Емдеу орталықтарында көптеген ем қабылдап жүрдім. 2016 жылы өзім туылып өскен ауылым Шолақайға келдім. Бұл жерде маған ем болмады. Сонда да ауылымнан кетпеуді ұйғарған болатынмын. Кейіннен Алланың қалауымен ауылымызға Амраева Муқадәс (суретте) бас дәрігер болып келді. Сол кісі келгеннен бастап, дәрігердің емін алып, денсаулығым айтарлықтай жақсарды. Бара бара жүрегімнің ауырғанын да ұмытып қалдым. Сондықтан да ауылымыздың бас дәрігері Муқадәс Сауытқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Өте білімді, жауапкершілігі жоғары, өз мамандығын жақсы меңгерген мықты маманға өте ризамын.
Муқадәс Амраеваның ата-анасы да осы ауылда еңбек етіп, өз өмірлерін ауылға арнаған керемет жандар болатын. Осы ауылдың тұрғыны, қаһарман ана ретінде Муқадәс Сауытқызына шексіз алғысымды білдіремін. Ол өз қызметіне аса ыждахаттылықпен қарап, науқастарға шипалы қолдарымен ем жасап, мейірімін аямай төгеді. Қоғам мен адамдарға адал қызмет етумен қатар қарапайымдылығы мен мейірімін ұштастыра білген нағыз білікті маман деп айтар едім.
Кәсіби біліктілігіңіздің арқасында биік асуларды бағындыра беруіңе әрдайым тілекшімін.
Селимам МАНСУРОВА,
Шолақай ауылы .