Жаңа дәрігерлік құрылғылармен толықты
- Толығырақ
- Жарияланды 04.02.2019 03:52
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1540
Қаңтар айының 30-ы күні ауданымыздағы перзентханада «Сыйға тартылған медициналық құрал-жабдықтарды ресми табыстау» салтанаты өтті.
Болат Өтемұратов қайырымдылық қоры арқылы Жаркент перзентханасына ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында сыйға тартылған құрал-жабдықтарын ресми табыстау салтанатына медицина қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
2018 жылы қараша айында шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жаркент перзентханасында» Болат Өтемұратов қайырымдылық қорынан келген GENESIS аппараты (Испанияда шығарылған) орнатылды. Көлемді ота кезінде науқасты жасанды демалдыру арқылы оттегімен қанықтыру мақсатында қолданылады.
Бұл аппарат жалпы қан тамыры, ішек және эндотрахеялық ингаляциялық наркоздарын беруге зор мүмкіндік береді.
Bionet (Оңтүстік Кореяда шығарылған) қан тамыр жүйесінің тұрақтылығын бақылайтын монитор. Ауыр науқастардың қан тамыр жүйесінің көрсеткіштерін ұзақ, тұрақты түрде бақылау үшін қолданылады.
Перзентханадағы шара барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев сөз алып, медицина қызметкерлеріне ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ Болат Өтемұратов қорының программалық менеджері Дана Жақсылықова сөз алып, жаңа аппараттарды ел игілігіне жаратып, ана мен бала денсаулығы үшін табысты еңбек етуге шақырды.
Жаркент перзентханасының меңгерушісі Гауһар Байдаханова қайырымдылық қағидасы бойынша аппараттарды ресми табыстауға келген азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді.
Шараға Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ысқақ Бауыржан қатысты.
Сондай-ақ келген қонақтар перзентхананың ішін аралап көрген соң ауданымыздағы кейбір оқу орындары мен бала бақшаларда болып жағдайларымен танысты.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Р.Мағрупова, ауданның бас дәрігері Т.Сарпеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Қастеев қатысты.
Жұмағазы Нұрақынұлы.