Бюджеттік өтінімді қалыптастыру

19.04.2019ж 

2020 жылғы 1 қаңтарда міндетті медициналық сақтандыру күшіне енеді, осыған байланысты тегін   медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ары қарай - ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ары қарай – МӘМС) пакеттерін түсіндіру бойынша үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуде.

     Қазіргі уақытта «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 2020-2022 жылдарға арналған медициналық қызметтер көлемін жоспарлау туралы» 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырылуда.»

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының 2019 жылғы 14 наурыздағы №1 бұйрығымен аймақтық жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Алматы облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының өкілдері, мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдардың басшылары, ҚР ДСМ  «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының және ҚР ДСМ ҚДСК Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері кірді.

    Алматы облысы бойынша  филиал директоры Сәбит Раймбекұлы атап өткендей: бюджеттік өтінімді қалыптастырудағы негізгі мақсат: медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қорды медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ретінде дамыту, халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, инфрақұрылымды дамыту және қаражатты тиімді пайдалану болып табылады. Біздің алдымызда халықтың қажеттіліктерін негізге ала отырып, қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыру, ресурстарды тиімді пайдалану,           жоспарлау  процесінің айқындылығын қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдарды жоспарлау процесіне тарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру пакеттерін бөлу міндеттері тұр.

    ТМККК және МӘМС-ке арналған бюджет жобасы медицина жұртшылығының талқылауына ұсынылып, онда белгіленген барлық басым индикаторлар ескерілетін болады.

     Естеріңізге сала кетсек, қор 2018 жылдан бастап ТМККК қаржы операторы болып табылады және Қазақстан Үкіметі белгілеген мөлшерде халыққа медициналық қызметтерді сатып алады.

     МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге бағытталатын болады.

«Әлеуметтік медициналық

 сақтандыру  қоры»

                  КЕАҚ Алматы облысы

 бойынша  филиалы.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4735985