Алакөлде заманауи компьютерлік томография кабинеті ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 29.08.2019 12:50
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1281
29.08.2019ж
Алакөл ауданы, Үшарал қаласында компьютерлік томография кабинеті ашылды, - деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған нысанның ашылуына Алакөл ауданының әкімі Ә. Жақанбаев пен "Optonic" ЖШС директорының орынбасары М. Абдибеков пен Алакөл ауданының құрметті азаматы Ұ.Бипажанова қатысты.
Алғашқы болып сөз алған аудан басшысы Ә. Жақанбаев Елбасының халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты берген тапсырмасы шеңберінде ауданымызда аталмыш
медициналық жабдықтың іске қосылғандығын және Конституция күні мерекесіне орай алакөлдіктерге тамаша тарту болғандығын, Алакөлде мұндай заманауи жабдықтың бұрын болмағандығын, енді аудан тұрғындарының толық тексерілуіне мүмкіндік бар екенін айтып, қуаныштарымен құттықтады.
- Бұрын алакөлдіктер компьютерлік томографтан өту үшін Сарқанд, Талдықорған қалаларына баратын. Ол жолдың қашықтығы мен қолайсыздына ауыр тиетін. Енді аудан тұрғындарына тексеруден өту үшін өзге ауруханаларға барудың қажеті жоқ, - деді "Optonic" ЖШС директорының орынбасары.
Айта кету керек, құны 495 млн.теңгені құрайтын "Филлипс" маркалы Компьютерлік томографы «OPTONIC» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі арқылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында ашылып отыр.
Компьютерлік томогроф ingenuity CT - күніне 9 адам, жылына 2376 науқастарға қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Бұл бөлімде 1 дәрігер, 2 лаборант , 1 медбике қызмет атқарады.
Осы аппараттың көмегімен қатерлі және қатерсіз ісік ауруларын, бас миына қан құйылу, іш-қуыстың қабынуын және тағы да басқа ауруларды контрастсыз және көктамыр ішіне контрастты препаратты жіберу арқылы диагностика жасайды.
Атап айтқанда, ауданда еуропалық стандарттарға сай дер кезінде ауруларға көмек көрсететін және терминалдық созылмалы бүйрек жетіспеушілігін тегін емдейтін гемодиализды медициналық орталығы мен травматология бөлімі, үлкен клиникаларда таптырмас «Драгер» және «Хамилтон» наркоз-тыныс алу және Рентгендік маммограф «Гала» және Жасанды өкпе тыныстандыратын балаларға арналған аппараттары орнатылған.