Жаңа Медициналық орталыҚ
- Толығырақ
- Жарияланды 20.09.2019 07:04
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1244
20.09.2019ж
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: Біз Елбасының «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Біз шағын елді -мекендерді дамытуға қатысты өте күрделі мәселені шешуіміз қажет – деп атап айтқан болатын.
Жолдаудағы жобаларды жүзеге асыруда аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарыла бастады.
Солардың бірі «Жібек Жолы» атанған Қорғас-Жаркент тасжолының бойында ашылған дәрігерлік орталық. Онда құрылыс жұмысы аяқталып, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіле бастады. Ават ауылында бой көтерген бұл орталық жергілікті тұрғындардың және жергілікті атқарушы орндардың қалауы бойынша салынды.
Округтегі 12 мыңнан астам тұрғындарға қызмет көрсететін бұл орталық биылғы жылдың 1 қыркүйегінен жұмыс істей бастады. Онда 11 адам жұмыспен қамтылған. Техникалық қызметкерлер мен мейірбикелер негізінен ауыл тұрғындары болып саналады.
Жекеменшік медициналық орталықтың өз қызметкерлеріне жақсы жағдайлар жасалған. Тұрғындарға есігін айқара ашқан бұл орталыққа емделуші науқастар көптеп келуде. Себебі Гүлнәр Зекенқызы Қалдыбаеваның іс-тәжірибесі мол, ауруларды жылы шыраймен қабылдап сапалы қызмет көрсеткені үшін науқас азаматтар тек округ тұрғындары емес алыс жерлерден де келіп ем қабылдауда.
Бүгінгі таңда орталықты басқарған Гүлнәр Зекенқызы көп жылдық іс-тәжірибесін пайдаланып халықтың сенімінен шығуда.
Бүгінгі таңда жаңадан ашылған медициналық орталықта жаңа жабдықтармен жұмыс жүргізуде.
Орталықта терапевт, кардиолог, невропотолог, педиатр және ем егу бөлмесі жұмыс істейді. Дәрі-дәрмек сатып алу үшін дәріханасы да бар.
Медициналық орталықтың іші жарық әрі таза. Ем қабылдаушыларға барлық жағдайлар жасалған.
Жұмағазы Бейсебек.