Алматы облысы тұрғындарының денсаулығы қандай деңгейде?
- Толығырақ
- Жарияланды 04.10.2019 11:09
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1226
Алматы облысының «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қыркүйек айында Алматы облысы тұрғындарының қазіргі кездегі денсаулықтары қандай деңгейде екендіктерін анықтау үшін сауалнама жүргізді.
Нәтижесінде «Өз денсаулығыңызды қалай бағалайсыз» деген сұраққа облысымыздың тұрғындарының «30% - өте жақсы, 33% - жақсы, 29% - қанағаттанарлық деп жауап берді. Үш жақсы көрсеткіштің нәтижесі 92% құрады. Көрсеткіш өте жақсы. Демек облыс тұрғындарының денсаулықтарын жалпы, жақсы деп бағалауға болады. Респондеттердің тек тек 6% ғана денсаулықтарының нашарлығына шағымданды.
Сонымен қатар, респонденттерге туыстарының денсаулықтары туралы сұрақ қойылған болатын. 38 % «жалпы жақсы» десе, 37% «жақсы шығар» деп жауап берді. Екеуінің нәтижесі 75% құрады. Респонденттердің тек 3% ғана денсаулықтарына мүлдем қанағаттанбайтындығын айтты.
Адамдарда аурулардың пайда болуының негізгі себептері сауалнамасына қатысушылардың 23 %-ға жуығы жұмыс бастылық пен көп уайым-қайғының әсерінен деп мәлімдеді. 18%-ы қаражаттың жетіспеушілігі ауруларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектер сатып алуға мүмкіндіктерінің жоқтығынан деп көрсетті.
Сауалнама қорытындысы бойынша тұрғындардың 40%-ы ауырған кезде мемлекеттік емханалар мен ауруханаларға қаралатындығын айтса, 42%-ы өздігімен емделетіндігін, 2%-ы өз денсаулықтарына немқұрайлықпен қарайтындығын көрсетті.
Сауалнама нәтижелеріне сүйене келе, жалпы, Алматы облысы тұрғындарының денсаулық деңгейі қанағатанарлық екендіктерін көрсетіп отыр. Оң нәтиже болу үшін дұрыс демалыс пен жеткілікті қаражат болса болғаны.