Медициналық қызмет қос пакет бойынша көрсетіледі

10.10.2019ж

Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі пакет негізінде көрсетіледі. Біріншісі-мемлекет тарапынан кепілдік берілген, республикалық бюджет арқылы қаржыландыратын тегін медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға арналған.

     Еліміздің барлық азаматтары пайдаланатын кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек енген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар сырқаттар мен созылмалы аурулардың негізгі түрлерімен ауыратын тұрғындар осы пакет шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмекпен, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамтамасыз етіледі. Амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамту, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакетке кіреді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті: консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде бағасы қымбат болып келетін зертханалық қызмет түрлерін, тегін көмек тізіміне енбеген сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тегін көмек пакетіне жатпайтын жағдайларда жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамту, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтымақ.
    Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі шеңберінде қызмет көрсетіліп жатыр. Бұл жүйенің осал тұстарын тауып, проблемаларды 2020 жылға дейін, яғни міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін толыққанды енгізгенге дейін шешуге мүмкіндік береді.
Әзірлеген: Б.Тлеухан.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4737136