Әлеуметтік мәртебені қалай білуге болады?
- Толығырақ
- Жарияланды 06.11.2019 09:16
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1167
06.11.2019ж
Келесі жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін азаматтар арнайы әлеуметтік мәртебе санатына жататынын тексеруі керек.
Бұл үшін: Egov.kz порталына ЭЦҚ-мен кіріп, «Әлеуметтік мәртебені тексеру» қызметін таңдап, шыққан жолаққа ЖСН енгізу қажет.
Сұрау соңында портал сіздің қай әлеуметтік мәртебе санатына жататыныңызды көрсетеді. Сізге «Жұмыскер», «Әлеуметтік төлемдер алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы», «Зейнеткер» мәртебелерінің бірі шығады.
Егер «Мәртебе анықталмаған» деген жауап берілсе, «мәртебені өзгерту» батырмасына өтіп, анкетаны толтырасыз. Мәртебеңіз туралы жауапты мемлекеттік орган 5 күн ішінде береді.
Әлеуметтік мәртебені телеграмдағы EgovkzBot 2.0 және Facebook мэссенджері мен VK желісіндегі egov.kz парағы арқылы да тексеруге болады.