Жаңа Дәрігерлік амбулатория ашылды

21.11.2019ж

Жуырда Басқұншы ауылында жаңа дәрігерлік амбулаториялық пункт ашылып, ауыл тұрғындарын қуанышқа кенелтті.

1970 жылы салынған пунктге 103 млн. теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа медициналық технологиялар алынған. Бұған дейін ауылдық емхананың медбикелері ескірген ғимаратта жұмыс істеп келген еді. Енді олар заман талабына сай жөндеу көрген ғимаратта қызмет ететін болады. Сырқаттанып келген ауыл тұрғындары да іші жылы ғимарат ішінде дәрігерлерден сапалы ем алатын болмақ.
Ашылу салтанатына барған аудан әкімі Талғат Өмірәлиев жаңа нысанның лентасын қиып, амбулаторияның жәйімен танысты.
Ауыл тұрғындарымен жүздескен аудан басшысы ізгі тілегін жеткізіп, алдағы уақытта Басқұншыда жаңа мектептің мәселесін шешуге де жұмыс жасайтындығын атап өтті.
Өз тілшіміз.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4737320