Денсаулықты сақтау- өз қолымызда

13.12.2019ж

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының жетекшілері, елді-мекендердегі дәрігерлік амбулаториялардың қызметкерлері,  мектептердің  директорлары, балабақшаларының басшылары, қала мен ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері басқосқан жиыны өтіп, оны аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы үйлестіру кеңесінің төрайымы Роза Мағрупова ашып, жүргізіп отырды.

     Роза Азаматқызы өңіріміздегі денсаулық саласы бойынша жүргізіліп  жатқан іс-шаралар жөнінен мәлімет  бере  келе бүгінгі таңда ресми  тіркеліп отырған «Гепатит-А» мен дерматомикоз жұқпалы сырқаттарымен күресудің алғы шарттарын әңгімелеп берді.

    Аудандық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бастығының орынбасары Светлана Аширова, осы басқарманың сала басшылары Жадыра Уашева мен Толқын Айтмұқаева бұл кеселдердің баладан балаға тез жұққыш  келетіндігін айтып, одан сақтанудың шараларына тоқталды.

    Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрайымы  Роза   Азаматқызы «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарастырған жөн» дегенді көпшіліктің есіне салып, денсаулық сақтау мекемелері саласының  қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Г. Исмайылжанова.

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4737367