Тағдыр сыйы, өмір бақыты

07.02.2020ж

Дүниеде  не  күшті?  Құдайдың құдіреті! Одан соң  адамның ақыл-ойы  мен еңбегі! Қоғамның қай саласында еңбек етсең де, білім-біліктілігің мен талантың керек. Ғұлама қаламгер А.Пушкиннің «Геометрияға да талант керек» дегені сондықтан болар. Барлық пендеде Алла берген талант бар.     

 Тек соны пендешілікпен ескеріп, елей бермейді. Өмірден өз жолын таппай адасатыны да сондықтан екен. Бірақ адам бойындағы сол талантыңыз бір-ақ пайыз көрінеді. Жаратушы иеміз мұрат-мақсатына жетем дегендердің пешенесіне тоқсан тоғыз пайыз  еңбекті жазыпты. Демек, талмайтын еңбек, үлкен төзімділік қажет. Арамызда соның екеуін ұштастырып жүрген жаны жомарт қарапайым жандар бар.                                               Солардың бірі әрі бірегейі-жаркенттік дәрігер – Ерболат Нұрғазыұлы Бегімбеков.

                Ерболат Нұрғазыұлы - жоғары санатты дәрігер, «Денсаулық сақтау  ісінің үздігі», Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы директорының медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары. Өз саласында атқарған еңбегі, ғылыми ізденісі, ауру жандарға шипасы  ұшан-теңіз.

                Ол әрдайым ізденісте жүретін, жақсылық жасаудан жалықпайтын, қолынан келген көмегін аямайтын, өз ісіне деген адалдығымен, асқан жауапкершілігімен, барлық жұмысты тиянақты орындайтын азбал жан. Өмірде талай адаммен танысып, жүздесесің. Бірақ олардың барлығын дос, бауыр ете алмайсың. Әрине, ол мүмкін де емес, бірақ Ерболаттың жөні бөлек. Ол сырласа да, сыйласа да, ақылдаса да, ойласа  да   білетін  жан.

                Ол еңбек жолын қарапайым дәрігерден                бастап, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, әбден ысылған, мол тәжірибе жинақтаған білікті де, білімді, ел-жұртқа танылған маман.

          Ерболаттың тағы бір қасиеті - жан-жақтылығы. Ол-әнші. Дәрігерлер арасында, сондай-ақ аудандағы өнер байқауларына қатысып,  жүлде алған. Мұндай қасиет екінің бірінде жоқ.

                Уақытты тиімді әрі мақсатты пайдалана  білгендердің еңбегі өнімді болады деуші еді. Бәлкім, солай шығар. Қалай айтқанда да оның еңбекқорлығы, ұқыптылығы, ізденімпаздығы, ұлтжандылығы, уақыттың әр сағатын қадірлей білетін парасаттылығы басқаларға үлгі. Оның медицинада да, шығармашылықта да өз орны бар, ел-жұрттың алғысына бөленген беделі биік азамат. Тағдыр сыйы, өмір бақыты  деген осы болар, сірә.

Бағдат Бейсенқызы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4132153