Енді Қытайдан келгендер 14 күн карантинде болады
- Толығырақ
- Жарияланды 21.02.2020 03:43
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1072
21.02.2020ж
Қазақстан Республикасының Бас санитары Жандарбек Бекшин Панфилов ауданындағы үш шекаралық өткізу бекеттерінде орналасқан медициналық пункттерді тексерді. Өткен жолғы іс-сапарында көтерілген мәселелер бойынша жиын өткізіп, қажетті көмектер қарастырылатынын атап өтті.
Қазіргі уақытта "Қорғас" шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы наурыздың біріне дейін жабық. Ал, жолаушылар тасымалы тоқтаған "Nur joly" мен "Алтынкөл" бекеттерінде санитарлық-эпидемиология мамандары күшейтілген режимге көшкен.
Қазір Жаркент қаласында 100 адамға арналған арнайы санитарлық оқшаулау орны дайын. Сондай-ақ, қажетті жағдайға деп тағы қосымша 160 орын қарастырылған. Барлық санитар-эпидемиологтар толық медициналық жабдықпен қамтамасыз етілген.
Ақпанның 20-нан бастап Қытайдан келген адамдардың барлығы 14 күнге дейін арнайы санитарлық орында болады. Өйткені бұл вирусты жұқтырған адамнан бірден ешқандай сырқат белгілері байқалмауы мүмкін. Коронавирустың ағзадағы жасырын кезеңі 14 күннен 24 күнге дейін созылу фактісі анықталған.
Қытайдан өткен азаматтар 14 күн жатып шыққаннан кейін де он күн бойы толық бақылауда болады. Сол себепті сақтық шаралары жүргізіліп жатыр, -деді Жандарбек Бекшин.
Нұрбол Ханағатұлы,
Панфилов ауданы
әкімінің баспасөз
хатшысы .