Алматы облысында коронавирус инфекциясы табылған жоқ

04.03.2020ж

Облыс аумағында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұл туралы «Jetisy` media»  ақпараттық алаңында    өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

 

Жер жаһанды жайлаған індетке дүниежүзі бойынша 92 мың адам шалдыққан, оның 3200-і көз жұмған. Аталған ауыру анықталған мемлекеттердің қатарын күндігіне 5-6 ел толықтырып отыр.

Соңғы екі айдың ішінде Алматы облысына шет елден 2970 адам келген. Оның 240-ы Қытай мемлекетінен оралса, қалғандары басқада елден келіп тұрақтағандар.

Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы  Қайрат Қажыманұлының айтуынша, Қытай Халық Республикасынан елімізге ат басын бұрған барша азаматтарды коронтинге жабуға міндетті. Бүгінгі таңда  Қытай елінен облысымызға тұрақтаған 73 адамды арнайы ауруханаға жатқызса, өзге келушілерде ауру симптомы анықталмағандықтан мендициниа қызметкерлерінің бақылауымен үйлеріне жіберілген.

Әлемде жүріп жатқан індетке байланысты облыста "коронавирустық инфекцияның алдын алу, таралуына жол бермеу және эпидемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел жоспар"әзірленген.

Коронавирустық инфекцияға немесе коронавирустық инфекцияға күдікті анықталған кезде хабарлау схемасы жаңартылған. Ведомствоаралық комиссия мүшелері 4 штаб отырысын өткізген.

                   Барлық санитарлық-карантиндік пункттер санэпидқызмет, обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлерімен және 15 адамнан тұратын медицина қызметкерлерімен күшейтіліп, облыс бойынша 450 медицина қызметкерлері арасында коронавирустың алдын алу бойынша  21 оқу-жаттығу өткізілді.

«Медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектермен және вирустық инфекцияға қарсы қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, дене қызуы көтерілген науқастар үшін арнайы сүзгілер жұмыс істейді. Бұдан басқа, қорғаныш құралдарын және вирусқа қарсы препараттарды (костюмдер, маскалар, науқастарды тасымалдауға арналған капсулалар) сатып алуға 52,6 млн.теңге (РБ) бөлінді»,- деп мәлімдеді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы.

         Бүгінгі күні 28,0 млн.теңгеге жеке қорғаныс құралдары сатып алындған. 250,0 мың бірлік- маскалар, 150,0 мың бірлік -  қолғаптар және  дәрі-дәрмектің 17 түрі.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 20.02.2020 ж. № 9-ПГВр қаулысына сәйкес 20.02.2020 ж. шекарадан өткен азаматтар: 1 А санаты (ҚХР), 1 Б (Гонконг, Макао, Тайвань, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия), 2 санат (Сингапур, Тайланд, Азербайжан), 3 санат (Германия, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Франция, Бахрейн, Кувейт, Испания, Малазия) үш санатқа бөлінеді.

2 және 3 санаттағы елдерден келген азаматтар үй карантинінде болады және күн сайын үйде тексеру жүргізіліп, қоңырау шалып, жағдайлары бақылауда болады.

Коронавирустан сақтану жолдары:

 -қолды сабынды сумен жуу керек, көпшілік орындарда қол жууға мүмкіндік болмаса, спирттік негіздегі қалталы дезинфекциялық заттарды немесе ылғалды беторамалды (влажные салфетки) пайдаланыңыз;

көз, мұрын, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз;

аурудың белгілері бар адамдармен қарым-қатынас жасамаңыз;

үй-жайда жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жасаңыз;

 бөлменің ауасын жиі желдетіп тұрыңыз;

адамдар көп жиналатын орындарға баруды доғарыңыз;

аса қажеттілік болмаса Қытайға және басқа да елдерге  сапарды эпидемиялық жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдырыңыз;

«жөтелу этикетін» сақтаңыз - жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды беторамал немесе майлықпен және бүгілген шынтақпен жабу абзал.

Айта кетерлігі,  сала мамандары коронавирус инфекциясы тек тірі ағзалар арқылы ғана таралатынын алға тартып отыр. Яғни, ел арасында тағамдардан, шекара асып келетін түрлі жеміс-жидектерден жұғады деп желдей есіп жүрген ақпараттың тек, қауөсет сөз екенін айтты.

Анар САБЫРОВА

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4738221