МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды
- Толығырақ
- Жарияланды 05.03.2020 09:00
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1116
05.03.2020ж
Денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру еліміздің әр азаматына қатысы бар тың реформа болып табылады.
Медициналық сақтандырудың аралас моделін таңдаған еліміз халықты медициналық қызметтердің жоғарғы сапасымен және денсаулық сақтау пакетімен қамтамасыз етеді.
Осыған орай Алматы облысы бойынша МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 540 млн. теңге аударылған болатын.
«Денсаулық сақтау саласына жаңа өзгеріс енгеннен кейін, аталған саланың бюджеті 1,5 есеге артып, 115,9 млрд. теңгені құрады. Ал, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру көлемі 36 млрд. теңгеден асып жығылады».
- «2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 73 медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасады, оның ішінде 44 медициналық ұйым мемлекеттік меншік, 29-ы жеке меншікке тиесілі»,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» КЕАҚ Алматы облысы бойынша директоры Нұрлан Таңжарықұлы.
Жыл басынан бері денсаулығын жақсарту үшін ақхалатылардың қызметін тұтынудың оң нәтижесі байқалады:
• Ұсынылатын стационарлық қызметтер көлемі жоспарланғанға қарағанда 22,4% -ға өскен. Жедел жағдайлар, керісінше, 12% -ға төмендеген. Осыдан-ақ науқастардың жағдайы тұрақтанғанын және де жоспарлы түрде ем қабылдап жатқанын аңғаруға болады.
• Консультациялық-диагностикалық қызметтерге жүнігу 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда 10,5 есеге артты. Соның ішінде КT және MРТ қызметтерін қолданау 50% -дан жоғары деңгейге жеткен.
• Барлық облыстарда сауықтыру және медициналық оңалту қызметтерінің 89,6% -ға өсуі байқалады, оның ішінде неврология (инсульт) саласында көрсетілетін қызметтер көлемі 2,2 есе көбейген.
• Ал, стоматологиялық қызметте 66,6% -ға өсу тіркелді.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады.
Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек. Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, сақтандырылмаған пациенттер денсаулық сақтау ұйымдарынан көмек алуды жалғастыра береді. Ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтер ақылы болады. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесіне тіркелу қажет.
Анар САБЫРОВА