Коронавирусқа қарсы іс-шаралар қабылданды

18.03.2020ж

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та Қытайда коронавирус індетінің таралуына байланысты дер кезінде алдын алу шараларын қа­был­дады. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі: №103/104 «Үрімші – Алматы-2» және №13-54/14-53 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Үрімші» жолау­шылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды   «Jetisy Media» Егемен Қазақстан газетінің сайтына сілтеме жасап.

 

Ел аумағы бойынша ви­рустың таралуына жол бермеу мақсатында Достық және Алтынкөл стансаларына келген пойыз жолаушылары мен бригадалары қызметкерлерін қазақстандық санитарлық қызметі тексерістен өт­кізеді. Олар тепловизор арқылы жол жүрушілердің жағдайын тексереді және қалін сұрап-біледі. Содан кейін жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлеріне шекаралық және кедендік тексерістер жүргізіледі.

Ұлттық тасымалдаушы жолсерік­термен тұрақты не­гізде нұсқаулықтар өт­кі­зіліп, ауырып қалған жолаушыны анықтау кезінде пойыз бастығының іс-әрекетін рег­ламенттейтін, жолау­шы­лар немесе пойыз бригадасы қыз­мет­­керінің коронавируспен ауырып қалу күдігі туындаған кезде жо­лаушылар пойызы бастығы үшін нұс­қаулық әзірленді.

Жолаушылар пойызының қозға­лысы кезінде жолау­шылар мен қыз­мет көр­сету персоналының коро­на­­ви­рус­пен ауырып қалуы кү­дігі туғанда жо­­лау­шылар по­йызының бастығы же­дел түрде пойы­з машинисі ар­қы­лы ме­дициналық пункт орналасқан стан­­саның кезек­шісін немесе вокзал бо­­йынша кезекшіні ақпараттандыруы керек.

Пойыздың тоқтау пунк­тіне ке­луіне дейін ол алғашқы індетке қар­сы ша­раларды (ауруды өзге жолау­шылардан бөлектеу, ауру жолаушы ор­наласқан вагон бойынша адамдардың қозғалысына тыйым салу, әрбір 30 минут сайын шай ыдыстарын, еденді, санитарлық торапты және өзгелеріне дезинфекция жүргізу) өткізуге мін­детті.

Бүгінгі таңда уәкілетті ор­ган­мен келісімі бойынша аталған пойыз­дардың уа­қытша тоқтатылуы жөнін­дегі рәсімдер өткізілуде.

Денсаулық сақтау минис­трлігі өкіл­дерінің қа­ты­суымен Алматы және Нұр-Сұл­тан қалаларында нұс­­қау­лық­тар өткізілді. Сондай-ақ по­йыз бригадаларының қыз­мет­кер­лері тыныс алу маскаларымен жаб­дық­талған және оны үнемі тағып жүру туралы ескертілген.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Қытай арасында темір жол көлі­гімен багаж және қол жүгін алып жүруге бақылау кү­шей­тілген.

 

 

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4738850