ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК әкімшілігінің ҮНДЕУІ.
- Толығырақ
- Жарияланды 26.03.2020 04:08
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1704
26.03.2020ж
Өздеріңізге мәлім,қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүниежүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр.Індет күннен-күнге ушығып барады.
Өкінішке орай,осы дерт біздің елімізде де тіркелді. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен 2020ж 16 наурыздан бастап еліміздің аумағында төтенше жағдай жарияланды.Төтенше жағдай уақыты 30 тәулікке созылады. COVID-19 коронавирустың қоздырғышы: науқас адамнан тікелей түшкіру және жөтелу кезінде және адамның жеке заттары арқылы жұғады.
Құрметті аудан тұрғындары!!!
Панфилов ауданының барлық деңгейдегі медицина қызметкерлері Сіздерге үндеу тастайды.Біздің үндеуімізге құлақ асқандарыңыз,коронавирус ауруының ауданымызда орын алмауына қосқан үлестеріңіз деп есептейміз.
Сіздерге айтарымыз:үйлеріңізде жеке бас гигиенасын сақтау,яғни жиі қолды сабынмен жуу, бөлмелерді желдету,көкөніс-жемістерді жуып пайдалану, түшкіру-жөтелу белгілері пайда болған кезде бетперде кию, оқшаулану, адамдар көп жиналатын жерге барудан бас тарту, өзіңізде болмаса жақындарыңызда дене қызуы, құрғақ жөтел, демікпе, әлсіздік белгілері пайда болған кезде жедел жәрдем көмегіне, телімдік дәрігеріңіз бен мейірбикеңізге хабарласып, вирустың таралмауына атсалысыңыздар.
Осындай кезде бәріміз сабыр сақтайық. Бұл қиындықты бәріміз «Бір халық, бір қоғам» болып міндетті түрде жеңіп шығамыз. Сұрақтарыңыз болса келесі телефон номерлеріне хабарлассаңыздар болады:инфекционист дәрігері Мурзатаева Ақмарал Қатарбайқызы – 87788049996, жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Вилиев Тұрғанжан Абдримұлы – 87775218055, жұқпаны қадағалау мейірбикесі Аймақова Айжан Бақтыбайқызы – 87075055103.
Біз Сіздер үшін тәулік бойы жұмыстамыз,Сіздер біз үшін үйде болыңыздар.
Құрметпен аудандық аурухана әкімшілігі.