Тәж індеттен әр адам сақтануға міндетті!
- Толығырақ
- Жарияланды 27.03.2020 03:40
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1141
26.03.2020ж
Аты әйгілі жаман ауру, індететтер сияқты тәж пандемиясының дәуірі күні бүгін шер шарын құдды бір шыр айналдырғандай. Бір жаман нәрсенің бір жақсы жағы болады. Бұл аурудың бізге берері көп. Себебі, адамдар туғанды, туысты, жерді, табиғатты, жануарларды, дүниенінің қадір-қасиетін бағалап, барға шүкір етуі еселене түсті. Яғни бұл бізге сынақ.
Көрші жатқан ұлы Қытай Халық Республикасынан шыққан індет біздің елімізге де келді. Қазақ халқының қанына біткен мықты, эмоциялық берілмейтін мінез-құлқы бұл ауруға қалай төтеп бере алады деген сұрақ туады. Иә, ғұн бабаларымыз ұсақ қытайларды жеңгендей, бұл көзге көрінбейтін індетті де жеңеді. Өйткені біздің қазақ қашанда ет жеген, қымыз ішкен, фасфуд өнімдері сияқты құнарсыз, пайдасыз өнімдерді тұтынбаған. Жақсы сөз – жарым ырыс. Ең бастысы өзін-өзі сендіру, яғни түпкі ойды дұрыс ойлау арқылы психологиялық жаман ахуалдан арылу, салауатты өмір салтын ұстану оны әдетке айналдыру. Қазір пандемияға қарсы санитарлық талаптардың ескерілуіне мән беріліп жатыр. Сақтаңсаң, сақтаймын деген. Негізінен барлық ауру-сырқау гигиеналық тазалықтар сақталмағандықтан болады. Дегенмен, әлемде тәж індетін жұқтырған немесе қайтыс болған адамдардың санынан да көп жүрек-қан ауруларымен, АИВ/ЖИТС, рак, туберкулезден бір күнде қайтыс болғандар мен ауырғандардың саны одан да көп екенін ескерсек! Осы тұрғыда барша қазақ халқын, әсіресі ҚХР-на көрші шекаралас жатқан Панфилов ауданының, жазиралы Жаркент қаласының тұрғандарына сабырлық сақтауға, дүрбелең әңгімелерді ушықтырмауға, үрей тудырмауға, сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Асылжан Мұратұлының «Жер ана сені сүйемін» атты өлеңінде айтқандай:
Дінге, ұлтқа, жүзге, руға бөлінбестен,
«Адам» деген атымыз шықпай естен,
Тіршілікке пана болған Жер шарын
Сақтай алсақ, бір пәлеге төндірместен.
Адами парызымыз – осы болар.
Басымызға нағыз Бақ сонда қонар!
Өзімшілдік өртеніп кетсе егер,
Қайырым мен мейірімге әлем толар!
Панфилов аудандық жастар рерурстық орталығынаң
психолог маманы Ақбота Бақытқызы