Алматы облысында 1980 адам медицина мамандарының бақылауында
- Толығырақ
- Жарияланды 30.04.2020 06:09
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1054
25.04.2020ж
Алматы облысында Короновирус инфекциясын жұқтырғандар саны -73. Олардың екеуі Алматы қаласындағы ауруханада ем алып жатыр. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, тағы 4 адамның аталған індетке шалдыққаны расталып отыр.
Еңбекшіқазақ ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасында- 38 науқас, Қарасай ауданындағы орталық жұқпалы аурулар ауруханасында -19 азамат ем қабылдауда. Және де Шелек ауылындағы медицина мекемесінде – 5 адам кеселмен күресуде.
Бүгінгі таңда 1980 адам медицина мамандарының бақылауында. Облыс көлемінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу мақсатында жұқпалы аурулар ауруханасынан 180 орын жабдықталған.
Сонымен қатар, 202 реанимациялық төсектер бар, оның ішінде 66 - коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін.
Амбулаториялық және стационарлық деңгейде 754 дәрігер, оның ішінде 447 терапевт, 38 инфекционист, 143 реаниматолог, 8 нефролог, 8 пульмонолог, 12 трансфузиолог, 98 невролог қызмет етеді.
Облыстың медицина қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген (қорғаныш костюмдері – 4 048 дана, бір реттік маскалар – 420 264 дана, респираторлар – 28 950 дана, бір реттік қолғаптар – 334 191 жұп, дезинфекциялау құралдары-24 426 кг). Республикалық бюджет есебінен облысқа 208 мың маскалар, 150 мың жұп қолғап және 32,4 млн.теңгеге 17 протовирустық препараттар жеткізілді, науқастарды тасымалдау үшін үш капсула және 54 дана қорғаныш костюмдер (сәуір) жеткізіледі деп күтілуде.
ҚР Үкіметінің резервінен 551,3 млн.теңге бөлінді, 20,0 млн. теңге сомаға вирусқа қарсы препараттардың 31 атауына және 531,3 млн. теңге сомаға жеке қорғаныс құралдарына, дезинфекциялық заттарға тапсырыс берілді.
Бүгінгі күні 1 528 300 бетперделерді жеткізу жүзеге асырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 206 400 дана, құқық қорғау органдарымен тәркіленген – 534 400 дана, гуманитарлық көмек-10 000 дана.
Облыста 4 зертхана жұмыс істейді, онда тәулігіне 690 зертханалық зерттеу жүргізіледі.
Айта кетерлік жайт, Алдағы уақытты облысқа өзге өңірлерден Жетісу жерініңғ тұрғындарын арнайы рейспен алып келу жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізде болса БАӘ-нен де жерлестеріміз келген болатын. Дәл сондай шаралар тағы қайталануы мүмкін. Қараша халықты жауаптылар даурықпауға шақырады.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақтың айтуынща, Жетісу жұртшылығына даурығуға негіз жоқ. Барлығы қатаң бақылауда. Тек, халық мамандардың нұсқаулығын жіті орындауы керек. Сонда ғана індеттің кең таралуының алдын алуға болады.