«COVID-19» инфекциясына кімдер тегін сынамадан өтеді?

13.05.2020ж

«Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы» ҚР ДСМ «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК филиалы індетпен күресуде ауқымды жұмыс атқаруда. 

 

Қытай Халық Республикасына тараған «аты жаман»  кеселдің  таралуынан бастап, станция қызметкерлері Қазақстан Республикасында аурудың алдын-алуға және таратпауға барын салуда.

Мамандар Қытаймен шекаралас СБП-де жұмыс істеп жатыр.  Медицина  мамандарды даярлықтарын пысықтап, өткізу пунктерінде қызмет жасап жүр.  Сондай-ақ, дезинфекциялық шараларды жүргізіп, халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын өткізіп жүр.

COVID-19 пандемиясымен күресуде жедел және сапалы диагноз қажет дейді мамандар.  Бұл жерде ПТР диагностикасы жетекші рөлге ие.

         «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы» филиалы Алматы облысында Талдықорған қаласында орналасқан және Қарасай ауданында орналасқан екі ПТР зертханасын ұйымдастырды. Зерттеулер ҚХР тест- жүйелерін қолдана отырып жүргізіле бастады, қазіргі таңда  «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК өндірген тест – жүйелер жұмысқа берілді. Бұл тест- жүйелері сынақтан сәтті өтті және орталық референс- зертхана жұмысында қолданылады»,- деді Алмас Тоқтамысұлы.

             Қазіргі таңда жаппай тест жүргізу өзекті болып тұр. Сол мақсатпен Алматы облысында тест жүргізуге жататын контингенті анықталды. Оған медициналық қызметкерлер, блокпостарда жұмыс істейтін күш құрылымдары, әкімдік жұмысшылары,  әлеуметтік нысан тұрғындары мен қызметкерлері және  тағы басқа тұлғалар  кіреді.

            

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4739900