Індетпен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге 3 млрдтан астам теңге төленді
- Толығырақ
- Жарияланды 14.05.2020 09:45
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1039
09.05.2020ж
ӘМСҚ эпидемияға қарсы шараларға қатысатын медициналық ұйымдарды қаржыландыру туралы айтып берді
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов COVID-19 коронавирусына қарсы іс-шараларға қатысатын медициналық ұйымдарды қаржыландыру туралы хабарлады.
Бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медициналық қызметкерлерді көтермелеу туралы шешім қабылдаған. Қызметкерлердің жалақысына үстемеақы белгілеу ережелері әзірленді, онда тәуекел топтары, алушылардың тізімдер қалыптастыру тәртібі және төлемдердің мөлшерлері анықталды.
Медициналық қызметкерлерге үстемеақы тәуекел топтарына байланысты төленеді: 212,5 мың теңгеден (5 ТЖМ) 850 мың теңгеге дейін (20 ТЖМ).
Үстемеақы алушылардың тізімдерін жедел штабтарда құрылған аймақтық комиссиялар құрайды. Комиссия төрағалары әкім орынбасарларынан тағайындалады. Комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау бөлімдерінің, өңірлік бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, үкіметтік емес ұйымдардың және т. б. өкілдері кіреді.
Үстемеақы республикалық бюджет есебінен төленеді. Төлемдер комиссиялар ұсынған тізімдерге сәйкес Қормен жасалады.
Жалпы бұл мақсатқа 35,7 млрд теңге бөлінген. Қор стационарлармен келісім-шарттар жасады. Наурыз айы бойынша төлемдер жүргізілді: 17,4 мыңнан астам медициналық қызметкерлеріне 3,3 млрд. теңгеден астам қаражат жіберілді. Ең көп сомалар Алматыдағы және Нұр-Сұлтандағы медициналық қызметкерлеріне төленді - шамамен 1,9 млрд. теңге.
Қордың қаржы операторы ретіндегі рөлі тек қаржыларды төлеу ғана емес, «COVID-19 коронавирусымен күресу аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына берілген мәліметтердің сәйкестігін тексеру болып табылады. Осыған орай, Қор үстемақы алушылардың тізімдерін тексеру бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді.
ӘМСҚ басшысы, болжам бойынша қолдау көрсетілетін медициналық қызметкерлердің саны екі есеге дейін артады деп атап өтті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы
бойынша филиалы.