Алматы облысында 441 адам індет жұқтырған
- Толығырақ
- Жарияланды 08.06.2020 11:59
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1001
08.06.2020ж
Алматы облысында коронавирусинфекциясының ахуалы тұрақты емес. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында өткен баспасөз –мәслихатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мәлімдеді.
Бүгінгі күні статистикалық деректер вирус санының өсуін 5,5% құрайды деп көрсетуде. Қазіргі таңда облыста індет жұқтырғандар саны 441-ге жетсе, Талдықорған қаласында бұл көрсеткіш 106-ны құрап отыр.
Өңірдегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар санының күрт өсуін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Қажыманұлы халықтың санитарлық талаптарды қатаң сақтамауымен байланыстырады.
Оның айтуынша, скринингтен 61 мың адам өткен. Тексеруден өтушілердің ішінде Әскери борышын өтеушілер, медицина және әскери, мемлекеттік қызметкерлер де бар.
Қазіргі таңда тұрғындар күннің жылынуына байланысты су жағалауларын паналауда. Сондықтан Қапшағай су қоймаларына апарар көлік жолдары мен Іле ауданы, жетіген ауылына мобильді топ тексеріс жүргізетін болады.
Бір ескертетін жайт, елді-мекендер арасына санитарлық және де блок-бекеттер қойылмайды.
Одан өзге Талдықорған қаласындағы саябақ, бассейн, су бұрқақтар жабылды. Ал сауда үйлері кешкі сағат 17:00-ге дейін ғана жұмыс істесе, азық-түлік дүкендері мен базарлар 15:00-ге дейін істейді. Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компанияның өкілдерінің 80%-ы қашықтықтан қызмет етуге кіріседі.
Ал, демалыс кешендеріне қойылар талаптар екі есе қатаңдатылған. Барлық санитарлық талаптар сақталынуы керек. Одан басқа, келушілер арасында 1,5-2 метр ара қашықтық сақталынуы тиіс. Және де 1 бөлмеге үш адамнан артық орналасуға болмайды. Оның өзінде олар бір үйдің адамдары болуы қажет.
Қаулыдағы жаңа талаптар қоғамдық тамақтану, сән салондары, спорт кешендері мен өзге де бизнес орталықтарын айналып өтпеді.
Облыс бойынша 4130 нысанға рейд жүргізілген. Оның 772-нен санитарлық талаптар сақталмаған. Ал, қала бойынша 140 нысанның 31-де белгіленген мамандар белгілеген ережелердің бұзылуы анықталған.