ӘМСҚ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыруды 36%-ға арттырды

 
15.06.2020ж
МӘМС-ды енгізгеннен кейін ЖТМҚ көмегімен емделгендер 23%-ға көбейді. 2020 жылғы 1-тоқсанда жоғары технологиялы медициналық қызметтерді (ЖТМҚ) қолдана отырып, еліміздің медициналық мекемелерінде 2 300-ден астам адам емделді. Бұл өткен жылдық көрсеткіштермен салыстырғанда 23% -ға артқанын байқатты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші тоқсанда жоғары технологиялық қызметтерді пайдаланатын адамдар санының  аталған мөлшерден көбірек болатындығын жоспарланған еді. Алайда, Алматы мен Нұр-Сұлтанда енгізілінген шектеулерге байланысты ғылыми орталықтар жабық болды, бұл қорытынды көрсеткішке әсер етті.
 
«Өткен жылы аталған қызметтерді тек халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер тегін ала алатын. 2020 жылдан бастап ЖТМҚ бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу барлық сақтандырылған азаматтар үшін тегін болды», – деп мәлімдеді Алматы облысы бойынша Қордың директоры. 
 
Сонымен бірге осы қызметтерді қаржыландыру көлемі 2020 жылдың 1-тоқсанында 36%-ға артып, шамамен 7 млрд теңгені құрады. 
 
Жоғары технологиялық медициналық қызметтер аясында емделетін адамдардың басым көпшілігі, қан айналымы жүйесі аурулары бар науқастар (57%). Сонымен қатар, 8% –  туа біткен ауытқулар, 6%-дан – несеп-жыныс жүйесі, сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары, жарақаттар мен уланулар. 
 
ЖТМҚ қаржыландыру көлемін арттыру, медициналық көмектің күту мерзімін азайтуға және жаңа қызмет көрсетушілердің қатарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, бұл шаралар халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс.  
 
Қызметтер тізіміне заманауи алдыңғы қатарлы әдістерді қолдануымен жүзеге асырылатын 80-ге жуық бірегей технологиялар енетіндігін атап өткен жөн. ЖТМҚ қамтамасыз ету үшін өте жоғары деңгейлі мамандар қажет.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4740036