ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АНОМАЛИЯСЫ (ДАМУ АҚАУЛАРЫ)
- Толығырақ
- Жарияланды 23.06.2020 11:14
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1066
23.06.2020ж
Егер балаңызда туа біткен жүрек аномалиясы анықталған болса, онда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде (ТМККК) толық және тегін медициналық көмекке ие болады. Соның ішінде, міндетті зертханалық және диагностикалық зерттеулерге қол жеткізе алады.
Кардиолог дәрігерінде қаралу жиілігі үш айда бір реттен кем емес болуы қажет. Егер де, дәрігерлер баланың денсаулық жағдайында оң нәтижелі өзгерістерді байқайтын болса, онда екі жылдан кейін диспансерлік тіркеуден шығарады. Тексеруден өту жиілігін және зерттеу түрлерін ұсынылған инфографикадан көруге болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы