Эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне жол бермейік

02.07.2020ж

Босаңсып кеттік. Шын мәнінде елдегі төтенше жағдай режимінің қатаң ережелері алына салысымен халықтың жайбарақат өмірін қайта бастап, той тойлап, қызық қуып кеткенін мойындау керек. Маскалық ереже де, қатаң ескертпелер де бізге жәй айтылған сөз секілді маңыздылығын жоғалтқан еді.

Артынша, жаппай халықтың ауру жұқтыруына себеп болды. Елдегі әрбір отбасы шеттерінен пневмониямен ауыра бастады. Одан көрші, туған-туыс ауырды, осыдан кейін ғана көзіміз жетті COVID-19-дың барына. Амалсыз мойындадық. Бірақ тым кештеу... Өйткені, осы індеттен көз жұмған таныстарымыздың саны күн сайын артпаса, кемімей жанға батуда.

            Хош, салды суға жібере беруге болмайды. Атам қазақта «сабыр түбі сары алтын» деген қанатты сөз бар емес пе? Ендеше, жіберген қателігімізді мойындап, сабырға келіп, Үкімет дамыл таппай айтып жатқан төтенше жағдай режимін сақтайық. Жақындарымыздың, еліміздің, ата-анамыздың жалпы әлемнің осы індеттен тезірек сауығып, денсаулықтарын қайта қалпына келтірулерін ойласақ, бүгінгі енгізілген карантин режиміне немқұрайлылықпен қарамайық.

            Жақында, Мемлекет басшысы республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында бүгінгі қоғамдағы еңбек адамының келбетін атап өтіп, той тойлайтын заман емес, ақыл-ойымызды саралап еңбек ететін заман екенін айтқан еді. Толықтай қосылам. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ. Бұл күндердің бір күні ұмыталары анық, сол себепті амал болса, үйден шықпай, аурудың кейбір белгілері анықталып жатса дер кезінде ем қабылдайық. Ел үшін, біз үшін күресіп жатқан ақ халатты абзал жандардың онсыз да ауыр жұмыстарына бөгет жасамайық.

            Қорыта айтпағым, бүгін мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті. 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілетін болады. Аталған шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін екендігін де ескертті. Ел ертеңін ойласақ, бүгінгі күнімізге жауапкершілікпен қарайық.

А.ХАМЕТЖАНОВА

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4740020