Бәрі де халық үшін...
- Толығырақ
- Жарияланды 02.07.2020 10:47
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1052
02.07.2020ж
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында қабылданған 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешіммен таныстым.
Еліміздің бүгінгі ахуалында сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар және тағы да басқа бірнеше нысандардың қызметіне тыйым салу өте орынды. Сонымен қатар, көлік қатынасы және азаматтардың жүріп-тұруы бойынша шектеу шаралары да бізге аса қажет.
Мемлекеттік комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайдың және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында осындай шешімдер қабылдап отыр. Бұндай жаңа шектеу шараларының бәрі де, ең бастысы халық үшін екенін естен шығарып алмайық.
Б.Кеңесбай