Өз бетінше емделуге болмайды

03.07.2020ж

Бүгінде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиялық жағдай күрделеніп барады. Аурудың белгісі жоқ күйінде де, белгісі ауыр күйінде де тіркеліп жатқандар артуда. Бұған қоса дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті болып тұр. Алайда коронавирус белгілері анықталған жағдайда өз бетінше емделуге болмайды. Бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайды.

 

Бекітілген ем-дом хаттамасына сәйкес бактерияға қарсы препараттар стационарларда жатқан науқастарға ғана беріледі. Яғни, бактериалды инфекция анықталып, пневмания расталған жағдайда ғана қолданылады. Айта кететін бір жәйт, елдегі дәріханалардан кейбір препаратты халық жаппай сатып алып кетті. Негізгісі ыстық түсіретін-парацетамол. Жалпы біздің елде парацетамолдың 80 түрі бар екен. Ол таблетка күйінде де, сироп пен свеча күйінде де сатылып жатыр.
Бүгінде бір адамға препарат 2-3 қаптама күйінде, шектеулі түрде сатылатын болды. Себебі ем-дом курсына сонша препарат керек. Үйде препараттар босқа жатып қалмауы керек. Себебі олардың әрқайсысының жарамдылық мерзімі бар. Сонымен бірге бір үйде бірнеше адам ауырып жатса, дәрі-дәрмекті сату жағынан шектеу болмайды. Бұл дәрігердің рецепті. Дәрігер ем-дом алу үшін тиісті курс бойынша пациентке дәрі жазып береді, - дейді мамандар.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4739323