COVID-19 және пневмонияға шалдыққан науқастар үшін 630,2 млн тенге төленді

27.07.2020ж
Алматы облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін наурыз-маусым аралығында облыстын стационарларына 630,2 млн. теңге төледі.
Маусым айында наурыз айымен салыстырғанда провизиялық стационарларда төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 354 төсек-күннен маусым айында 11,6 мың төсек-күнге дейін.
Төсек-күнге пациенттің стационарда орны, аурудың диагностикасы мен емі кіреді.
Қазір денсаулық сақтау жүйесінде төсек қорын ұлғайту қажет. Қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін қор шілде айында медициналық ұйымдарға тарифті көтерді .
Енді қор провизорлық стационарға 1 төсек-күн үшін 21,9 мыңнан астам теңге төлейді; тәулік бойы стационарға – 32,2 мыңнан астам теңге; науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – 1 төсек-күн үшін 69,9 мың теңгеге жуық бөледі.
Медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры инфекциялық/провизорлық стационармен 33 орындау/бірлесіп шарттарын жасасты. Сонымен қатар, №10 Клиникалық Хаттамаға, 2020 жылғы 4 шілдедегі №104 басылымға сәйкес, аурудың асимптоматикалық және жеңіл түрі бар науқастарды тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды.
Стационарлық емге Covid-19 шалдыққан орташа ауыр және ауыр жағдайдағы пациенттер ғана жатқызылады.
Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында емханалар жанында мобильді бригадалар құрылды, олар үйде медициналық қызметтер кешенін көрсетеді ( дәрігерді қарау, ем тағайындау, рецепт жазу, манипуляциялар жүргізу және т.б.). Сондай-ақ, үйде стационарлық қызмет ұйымдастыру да қарастырылған.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4739092