COVID-19 қарсы күреске қатысқан 3455 медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төледі
- Толығырақ
- Жарияланды 28.07.2020 04:34
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1042
27.07.2020ж
Медициналық сақтандыру қоры Алматы облысы бойынша филиалы COVID-19 қарсы күреске қатысқан 3455 медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төледі
Алматы облысы медициналық сақтандыру қорынан COVID-19 қарсы күреске қатысқан 3 455 медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төледі.Үстеме ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен Алматы облысынын Медициналық сақтандыру қорына 2,89 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 1,74 млрд астам теңге төледі.
Медициналық сақтандыру қоры қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстеме ақыны 1447 астам қызметкер алса, маусым айында олардың саны 3 455 адамға дейін өсті.
Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстеме ақы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтар, алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдер мөлшері анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге дейін (20 АЕК) қосымша ақы берілді.
Естеріңізге сала кетейік, үстеме ақы алушылар тізімін жедел штаб жанынан құрылған өңірлік комиссия жасақтайды. Комиссия төрағасы әкімдердің орынбасарлары, сондай-ақ, оның құрамына Медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік мемлекеттік бас санитарлық дәрігер, Денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Ал, Медициналық сақтандыру қоры тізім бойынша деректердің Денсаулық сақтау министрінің "COVID-19 коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудағы кейбір мәселелер туралы" бұйрығына сәйкестігін тексереді.
Егер медициналық қызметкерлерінде үстеме ақыға қатысты сұрақтар туындаса, өңірлік комиссияға жүгінуі қажет.
Коронавируқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне қосымша қаржыны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлік комиссия шешімі негізіндегі Денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойныша төлейді.