Алматы облысында аурудың өсу қарқыны 1.1% құрайды

05.08.2020ж

Коронавирус инфекциясы тарағаннан бастап бірқатар салалардың жұмысы тоқтады. Оған себеп, аталған кеселмен күресте қабылданған шаралар болып отыр. Баршаға белгілі Алматы облысы бойынша карантиндік шаралар күшейтілген болатын. Оның нәтижесі де жаман емес.

 Бүгінгі күні Алматы облысында 44512 расталған COVID-19 жағдайы тіркелген. Соңғы аптада аурудың өсу қарқыны 1.1% құрады. Дегенмен қойылған қатаң талаптар мен шығарылған қаулыға қарамастан, тұрғындар карантин режимін бұзып әкімшілік құқықтың 425-бабын бұзған.

3-ші тамыз күні қабылданған №23-ші қаулыға сәйкес:

  -Қоғамдық тамақтану нысандары мейрамхана, дәмханалар, банкет залдары, донер, бар сондай-ақ ашық ауадағы жазғы алаңдардың жұмыстары;

- Облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыс аумағынан тыс жолаушыларды автотасымалдауды жүзеге асыратын автовокзал жұмысы және елді мекендер ішіндегі қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды.

- Жабық азық-түлік және  барлық азық-түлікті емес ашық және жабық базарлардың жұмысы да шегерілді.

- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілерінде, мәдениет объектілері, фитнес объектілері, тренажер залдары, саябақтар, скверлер, бассейндер, аквапарктер, қалалық  және қоғамдық жағажайлар, ыстық көздердің жұмысы тоқтатылған.

Ресми деректерге сүйенсек,  республика бойынша 435 мың түрлі сауда орындары қызметін жалғасытра алмай отыр. Бұл дегеніміз 735 мыңнан астам адам жұмыстан қысқартылды дегенге саяды. Өнім көлемі болса 10,6%-ға төмендеген.  Дәл солай тұрмыстық және де өзгеде қызмет көрсету саласыда зардап шегіп отыр. Зерттеу нәтижесі бұл бағыттағы өндіріс көлемі 14,6%-ға түскенін көрсетуде. Сондай-ақ, қонақ үй, мейрамхана ісі бойынша өндіріс көлемі 52,6%-ға төмендеген.

 Осыдан қарап кеселдің кәсіпкерлердің қызметіне кедергі жасап отырғанын аңғару қиын емес.

Аталмыш тығырықтан шығу жолын  ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұсынып отыр.

-         Санимтарлық талаптарды күшейте отырып, кәсіп иелерін ақпараттандыру;

-         Жұмысын қайта бастау үшін кәсіпкерлер тарапынан  «info Kazakhstan» электронды платформасына  өтінім беру;

-         Санитарлық талаптарды сақтауын мұқият тексеру, бақылауда ұстау;

-          Әкімшіліктен жұмысқа кірісуге рұқсат беретін қағазды электронды платформа арқылы беру;

Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің ісінің алға жылжуына жеңілдікті осылай жасауды ұсынуда. Дегенмен, қызметке қайта кірісу үшін барлық талаптар сақталынып, тексеруден өтуі керек.  

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4738884