Алматы облысында карантин шаралары жеңілдетіледі
- Толығырақ
- Жарияланды 14.08.2020 09:05
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 952
14.08.2020ж
Алматы облысында 4781 КВИ жағдайы тіркелді, соңғы аптада аурудың өсу қарқыны 0.5% - ды құрайды. Осыған орай, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты карнати ндік шаралар біртіндеп жеңілдетілетін болады.
«Қоғам мен бизнес өкілдерінің тілектерін ескере отырып, біз біртіндеп карантиндік шараларды жеңілдетеміз. Сауда үйлерінде жұмыс істеуге рұқсат береміз, жазғы алаңдарды ашамыз. Бірақ, облыс тұрғындары мен бизнес өкілдері қауіпсіздіктің негізгі ережелерін бұзбауы керек, яғни жаппай жиналатын орындарға бару, қашықтық пен бетперде режимін сақтау керек»,- дейді Алматы облысының бас мемлекеттік дәрігері Ерғали Сыдыманов.
17 тамыздан батсап біртқатар нысандар өз жұмысын бастайды. Мәселен, сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлардың жұмысы 10-нан кешкі 9-ға дейін, бутиктерге сағат 11-ден кешкі 5-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Сондай-ақ, дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінің жұмысын кешкі сағат 9-ға дейін ұзартылады.
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары 30% - ға толықтырумен жұмыс істейтін болады, яғни жұмыс күндері 10-нан 16:00-ге дейін, көтерме базарлар таңғы 6-дан 12-ге дейін жұмыс жасайды. Жазғы ашық алаңдар 30 орынға дейін орналастыруға болады. Бөбектер үшін балабақшалар да қызметіне кіріспек. Бір айта кетерлігі, балдырғандардың саны 15 ьен сапауы керек. Олардың балабақшаға қатынауы үшін арнайы кезекші топ іске кіріспек.
Қоғамдық көліктің жұмысы таңғы 6-дан 10-ға дейін және кешкі 17-ден 21-ге дейін, 5 минут аралықпен, 50% толықтырумен болады. Моншалар, сауналар, Фитнес орталықтар, балалар түзету кабинеттері, білім беру орталықтары 50% толымдықпен болады. Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА косметологиялық орталықтары, алдын ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді.
Келесідей нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді:
- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанаттары және басқа да үлкен іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
- бар, түнгі және ойын-сауық клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына рұқсат берілмейді.
- мәдениет нысандарының, Мұражайлардың қызметі, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге болмайды.
- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер әлі де ашылмайды.
- діни нысандардың жұмысы
- қала маңындағы жолаушылар, қалааралық автобустардың жұмысы тоқтатылады. Бұл жерде шағын автобустарды қоспаймыз.
Қаперлеріңізде болсын эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталатын болады.