Алматы облысының медициналық ұйымдарына 3,43 млрд. теңге төленді
- Толығырақ
- Жарияланды 17.08.2020 05:07
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 998
17.08.2020ж
Медициналық сақтандыру қоры ағымдағы жылдың наурыз-маусым айларында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы облыстың медициналық ұйымдарына 3,43 млрд. теңге төледі. Бұл туралы "Jetisy media" - да өткен брифинг барысында белгілі болды.
Бөлінген қаражат медициналық көмек көрсетуге, медицина қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеуге, стационар деңгейіндегі ПТР-диагностикаға, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық көмек деңгейіндегі ПТР-диагностикаға бағытталды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалы директорының айтуынша, медицина қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу сомасының едәуір артуы байқалады. Бұл көрсеткіш шілде айында – 1,52 млрд.теңгені құрады.
"Республикалық бюджет қаражатынан Алматы облысының медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 2,89 млрд. теңге бөлінді. Ай сайын коронавирустық инфекция бойынша 1447 - ден 5362 қызметкерге үстемеақы төленеді", - деп атап өтті Нұрлан Отарғалиев.
Айта кетерлігі, науқастарды емдеуге 3455 медицина қызметкері жұмылдырылғанын.
Ауыр науқастарға кеңес беру үшін аудандық және облыстық деңгейде облыстың жетекші мамандары тартылған екі ситуациялық орталық жұмыс істейді. Ал соңғы аптада ауыр науқастардың саны 32% - ға азайды, ал 20% - да жағдайдың жақсарғаны байқалады.