ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 18.09.2020 03:34
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 993
18.09.2020ж
Бұл туралы мәліметті МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Жаманбаева айтып өтті.
«Елімізде КВИ-дің өршуіне және індеттің екінші толқынының таралу қаупіне орай ДДҰ есебімен халық санының 10% екпемен қамтамасыз етілу қажет. Биылғы жылы барлығы 100 000 доза көлемінде вакцина қажеттілігі есептеліп шығарылды. Тұмауға қарсы вакцинаның 70 000 дозасы облысқа қыркүйектің 4-і күні жеткізілді. 2020-2021 ж.ж тұмаудың эпидемиялық маусымында А( HINI-09). A (HINI). A(H3N2) және В типті тұмау вирусының болжамына сәйкес, жіті респираторлы вирустың ауыр түрлерін тудыруы мүмкін», - деді Ж.Жаманбаева.
Тұмауға қарсы тегін екпе медицина қызметкерлеріне, 6 айдан асқан көп ауыратын балалар, жүктіліктің екінші және үшінші кезеңіндегі аяғы ауыр әйелдер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, медициналық бақылаудағы балалар, сәбилер үйінің балалары, медициналық және әлеуметтік мекемелердің қызмет алушылары, жүрек-қантамыр және тыныс алу органдарының созылмалы ауруы бар адамдар жатады және оларға жүргізіледі.
«Тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде тұрғындар келесі шараларды сақтау қажет. Сіздерді дәрігерлер өздері шақырады. Емханаға келу уақыты белгіленеді. Мұның бәрі пациенттердің ағымын реттеу және адамдардың көп жиналуына жол бермеу үшін керек. Маска режимін және арақашықтықты қатаң сақтау талап етеміз»,-деді МО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Жаманбаева.
Айта кетейік, қыркүйектің 14-і күні Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханаға барып, алғашқылардың бірі болып маусымдық тұмауға қарсы вакцина салдырды.