2020 жылдың қыркүйек айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 1,2 млрд. теңгені құрады

08.10.2020ж

2020 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,2 млрд.теңгені құрады.

 

Республика бойынша қыркүйек айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-30 қыркүйек аралығында) 22,7 млрд.теңгені құрады.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, қыркүйек айында Алматы облысы бойынша 761,8 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 524,7 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4738549