Алматы облысында жаңа қаулы қабылданды
- Толығырақ
- Жарияланды 19.10.2020 11:07
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 980
19.10.2020ж
Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің кезекті қаулысы күшіне енді. Қаулының негізі аймақтағы карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу болып табылады. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды.
Халықтың жеке басының қауіпсіздігі мақсатында әдететгідей адам шоғырының көп болмауын қадағалау басты назарда болады. Осылайша жаңа қаулының негізінде 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану орындары жұмыссын тоқтатады. Сонымен қатар, ойын-сауық нысандарыда есігін жабуға мәжбүр. Тек қана ашық аспан астындағы кинотеатрлар жұмысын жалғасытрады.
Ереженің елге берер пайдасы орасан зор. Бірінші ол әрине сақтық шаралары, екінші қоғамдық көлікте енді иен тірескен адамдар болмайды. Өйткені қарашаның жұмысқа баратын және қайтатын уақыттарында қоғамдық көлік саны көбейтіліп, аралығы 5 минутқа дейін жиілейді. Және де әр рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын күніне кемінде екі рет, жуу және дезинфекциялау құралдарын, қолдана отырып өңдеу жүргізіледі.
Қаулыда қарияларда назардан тыс қалмаған, алғашқы заңда бекітілгендей 65 жатсан асқан азаматтардың сырқа шығуына тыйым салынған.
Ал, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне жүгінің алдын ала жазылу бойынша іске асатын болады. ХҚКО жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызмет көрсетеді. Лажы болса, онлайн түрде жұмыс жасау ұсынылып отыр.
Діни орындарда 30 пайыздық орын ғана толуы керек. Сондай-ақ, әдеттегідей сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері жұмыс жасамайтын болады. Қаулыны барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізіліп, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілуде.
Жаңа ереженің орындалуын бас санитарлық дәрігер өзі қадағалауына алуда.