Сын сағатта босаңсуға әлі ерте

22.10.2020ж

Ауданымыздың  медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасында коронавирустық жұқпасының  тұрақты таралуына  байланысты, короновирус ауруының   алдын алу бойынша  қажетті іс-шаралар қатаң бақылауда  жүргізілуде. 

 

         Ауданымызда  халық арасында коронавирустық  инфекция ауруының  2-толқынының алдын алу жөніндегі іс-шараларды  одан әрі күшейту жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдай босаңсығаннан бері аудан халқы да алаңсыз күйде жүр. Бірнеше мәрте жазылған, айтылған, жадынама ретінде таратылған медициналық талаптар мен ұсыныстар   орындалмауда. Көпшілігіміз  адамдар арасында қашықтықты сақтауды, қоғамдық орындар мен жайларда   бетперде киюді тоқтаттық.  Той-томалақ, нәзірлер де адамдар саны шексіз өткізілуде. Қала–облыс араларында қатынасу жиілеп кетті. Соның салдарынан вирус қайтадан  өршіп, кеселдің  таралу көрсеткіші  күн  сайын өзгеріп жатыр, оның ішінде аурудың белгісіз түрі де жиі кездесуде. КВИ мен сырқаттанушылықтың өсуі, короновирустың жаңа «өршуін» көрсетеді. Осы талаптардың бәрі әлеуметтік  желілерде де айтылып, көрсетіліп те жатыр. Десек те көңіл бөліп мән бермейміз. Коронавирус ауруының  бірінші толқынында болған жағдайлар баршамызға мәлім. Қажетті талаптарды орындамай, құлақ аспағанның әсерінен қаншама  адамдарымыз көз жұмды.                                                                                                                                          

         Сондықтан сіздердің назарларыңызға төмендегі жадынамаларды ұсынамыз:

         -Аудан әкімдері мен полиция қызметкерлерінің қадағалауымен мейрамханаларда, дәмханаларда, асханаларда 50 адамнан артық жиналмау;

         -Үстелдердің ара қашықтығы 2 метрден кем болмау және бір үстелде 4-6 адамнан аспау;

         -Бір отбасы мүшелерінен басқа,            3 адамнан астам топтың топталмауы;

         -65 жастан асқан азаматтардың  көшеге шықпауы;

         -Ашық азық-түлік базарлар мен жәрмеңкелерде  кіріп- шығуы бөлек  және кіре берісте  дизенфекциялық заттардың болуы;

         -Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, топта 15 адамнан аспау;

         -Ашық ауада  топтық жаттығулар жасау кезінде 5 адамнан аспау;

         -Жұмыс орнында, қоғамдық орында, дәріха-на, кеңсе, дүкен, медициналық ұйым, көше, саябақ, қоғамдық көлікте  маскалық режимін және 2 метр ара қашықтықты сақтау.                                                                 

         Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) жедел медициналық  көмекті  103 номері бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде  оқшауланып, дереу медициналық көмекке жүгініп, телімдік медицина қызметкерлерімен хабарласыңыз.      

         Өз бетіңізше  емделіп уақыт өткізіп алмаңыздар, өйткені вирус тез тарауға бейім.                                                                                               Ауырып ем іздегенше, санитариялық-дезинфекциялық нұсқаулар мен талаптарды орындап, ауырмай сау жүргеніңіз дұрыс болар!   

Гүлмира  Оразбақова,  

ШЖҚ «Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы» КМК СӨС маманы

валеолог.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4737802