«Техно Авиа Груп» тігін цехы айына 400 мың бетперде өндіреді

26.10.2020ж

Пандемия кезінде таптырмас заттар ол-қорғаншы құралдары.  Алматы облысында аталған жабдықтарды шығаратын цех жұмыс жасайды. Кәсіпорын атауы «Техно Авиа Груп» ЖШС.

 

Сәуір айында облыс орталығы, Талдықорған қаласынан ашылған еді. Ендігіде өрістері кеңейіп Текелі қаласынан орын теуіп отыр.

Тігін цехы – бір реттік медициналық бетперделер, халаттар, комбинезондар және басқа да арнайы киімдер шығарады.

Аталған серіктестіктің филиал басшысы Жарылқасын Болатұлы.

Басшылықтың айтуынша, цехтің алып жатқан аумағы 350 шаршы метрді құрайды. Бүгінде өндіріс орны 50 жоғары жылдамдықты, 10 арнайы өндірістік тігін машиналарымен қамтамасыз етілген.  Жұмыс орнында 70 адам еңбек етеді. Қызметкерлер екі ауысымда жұмыс жасайды. Алғашқы елуі күндіз, қалған жиырма тігінші кешке қызметіне кірседі.

Қадамын енді басқан кәсіпорынның ғұмыры ұзақ болары сөзсіз. Алғашқы кезеңнен бастап күндігіне 18-20 мың дана,  айына 400 мың дана бетперде тігіп отыр. Сонымен қатар айына 35 мыңа жуық халаттар өндіреді.  Бұл жоспарды іске асыру үшін 19,0 млн теңге қаржы бөлінген.

Істің алға басуына міндетті түрде жүйе керек. Осы тұрғысында өндіріс орны ешкімнен қалыспайды. Барлық әрекеті мен бағдары алдын-ала дайындалған. Яғни, қолға алған істерінде реттілік бар.

Цех басшылығының жоспарына сәйкес жұмыс кестесі толық әзірленген.

Кәсіпорын тамыз айынан бастап жеке компанияларға, яғни, мұнай, энергетика саласындағы өндіріс орныдары үшін арнайы киім әзірлей бастаған.

Жауапты тұлғалар кәсіпорын жұмысының әлеуметтік сипатына үлкен мән беруде. Сондықтан цех қызметкерлері үшін Текелі қаласы бойынша тасымалдау және тегін түскі ас қарастырылған.

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4737612