Қапшағайда індеттің екінші толқынына дайындық барысы қарқынды
- Толығырақ
- Жарияланды 11.11.2020 07:59
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 998
11.11.2020ж
Күз келісімен елімізде індеттің күш алғаны белгілі. Жұқтырғандар саны күн санап күрт көбейген. Қапшағай қалалық ауруханасы вирусқа тосқауыл болып барлық шараларды қабылдап жатыр. Әзірлік барысын көшпелі брифингте қала әкімі Нұрлан Құматаев баяндады. Бүінгі таңда емдеу мекемесінде 30 төсек орын дайындалған.
Тағы 20 орын резервте тұр. Ауруханалар ең алғашқы қажеттілік оттегі консентраттары мен ИВл аппараты, жасанды желдету құрылғыларымен жабдықталған. Қалалық аурухана басшысының айтуынша, емханаға 128 орталықтанған оттегі нүктесі тартылған. Мұнымен қоса қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылар тапшылығы жоқ. Қала бойынша індетпен күреске 129 қызметкер жұмылдырылған. 34і дәрігер, 58 орта, 22 кіші санаттағы қызметкер жұмыс істеуде. Қалалық бас мемлекеттік санитар қаулысына сәйкес, карантин шаралары күшейтіліп, қоғамдық орындарда бетперде, арақашықтық талап етілуде. Жауапты кезеңде ақ халаттылардың еңбек демалысы тоқтатылып, барлығы тегіс вируспен күреске жұмылдырылды. «КОВИД-19» таралу қарқыны артқанына байланысты іс-шаралар, топтық жиындар, кездесулерге тиым салынды. Бұл жұмыстар мониторинг топтың қатаң бақылауында.
-Бізде қазір қатаң режимдегі дезинфекциялық тәртіп сақталуда.Есіктен кіре беріске санитайзер, қолды сүртуге арналған антисептик, мекемеде күніне 3 реттік тазалық жүргізіліп отырады. Дәрігерлерге жеке қорғаныш костюмі мен бетперде, антисептик, препараттармен қамтылған. Жоспар бойынша толық дайынбыз деп айтуға болады деді Айман Рақышева.