Еліміз бойынша дәрілік шөп экспорттап отырған жалғыз кәсіпорын Сарқан ауданында
- Толығырақ
- Жарияланды 12.11.2020 04:12
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1016
12.11.2020ж
Сарқан ауданындағы "Азия Голд" ЖШС 2010 жылы жұмысын бастады. Бүгінгі таңда дәрілік шөптер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін эскпорттап отыр. Еске сала кетсек, бұл Қазақстан бойынша жалғыз өндіріс орны.
Компания басшысы Алексей Коржиковтың айтуынша, 25 жылға жуық шипалы табиғи дәрі шығарумен айналысып келеді.
-Бұл жұмыста бұрыннан жүрмін. Орташа есеппен 600 тонна дайын өнімді өзге елдің нарығына жөнелттік. Қазір бізде 70тен аса жұмысшы еңбек етіп жатыр. Енді жоспар өндіріс орнының аумағын кеңейтсек деп отырмыз. Қарғалы ауылында осындай дәрілік шөптерді өңдейтін тағы бір нысан құрылысы басталады, деп атап өтті компания басшысы.
Азия Голд ЖШС аумағында жалбыз, түймедақ, итмұрын сынды дәрілік өсімдіктер өсірілуде. Жалпы аумағы 4000 гектардан асады. Оның 3000ы бүгінде пайдаланылып отыр. Материалдық техникалық базасы Германия, Ресей, Белоруссияның техникаларымен толықтырылған. Әлемдегі жетекші елдер Ресей, АҚШ мен компанияның көп жылдық әріптестік тәжірибесі бар. Бұл бүгінгі таңда өз жемісін беріп отыр. Кәсіпорын шетелдіктер үшін сенімді серіктестікке ие. Нарықтағы сұранысты өнімдермен қамтамасыз етіп отырғандығын ескеріп әлем елдері жыл санап тапсырысты арттырып отыр. Тиісінше, компанияда емдік өсімдіктер алқабын ұлғайтқан.