«Жедел жәрдем» көлігінің кілті табысталды

13.11.2020ж

Қарашаның 10 жұлдызы күні  Панфилов ауданаралық ауруханасына «Жедел жәрдем» көлігінің кілтін табыстау рәсімі өтті. Қуанышты шарада алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Талғат Өмірәлиевке беріліп, аудан басшысы «Біздің ауданда Көктал ауылында провизорлық орталық ашылып, 75 орындық аурухана дайын тұр.

Аудандық орталық ауруханаға оттегі станциясын алып келіп, ауданымыздың бас дәрігері Төлеу Сарпековпен бірге орнатып, көріп, қосып, оны дайын ұстап отырмыз. Міне, бүгін осындай «Жедел жәрдем» көліктері бізге келіп отыр. Әнеукүні біреуін алдық, қазір үшеуін алдық, оның алдында үшеуін алғанбыз. Бұл да мына келесі пандемия мәселесіне дайындық» деп атап өтті. Сонымен қатар аудан басшысы бұл көліктердің бір артықшылығы осы заманғы озық дәрігерлік құралдармен жабдықталғандығын айта келе, Панфилов ауданаралық ауруханасының 3 бригадасына «Жедел жәрдем» көліктерінің кілтін табыстады.

                Салтанатты шарада аудан басшысы ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК директоры, ауданымыздың бас дәрігері Төлеу Сарпековті 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, «Құттықтау хатын» және гүл шоқтарын табыстады.

                      (Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4737519