0,4% – Алматы облысындағы COVID-19 індетінің тәуліктік өсу қарқыны

26.11.2020г

Алматы облысында коронавирус инфекциясының өсу қарқыны тәулігіне 0,4% құрады. Бұл туралы облыстың бас дәрігері «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында мәлімдеді.

 Қазіргі уақытта инфекциялық стационардың 1-деңгейдегі жүктемесі - 32,3% құрап отыр. 2- деңгейдегі стационардың жүктемесі – 28,5%.

Жалпы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа 8,9 млрд. теңге бөлінді.

«Облыстың ауруханаларда 534 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 119-ы республикалық бюджет есебінен, 172 бірлік жергілікті бюджеттен 2,2 млрд.теңгеге сатып алынды. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ»,– деді Өмірзақ Ниязбеков.

Айта кетейік, науқастарды емдеу үшін 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер жұмылдырылды. Одан бөлек ЖОО-ның 45 түлегі, 281 медициналық колледждің түлектері мен зейнеткер- дәрігерлер де науқастарға консультативтік көмек көрсететін болады.  

 

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4736802