2020 жылдың қараша айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 1,35 млрд. теңгені құрады
- Толығырақ
- Жарияланды 07.12.2020 10:10
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1012
07.12.2020ж
2020 жылдың қараша айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,35 млрд.теңгені құрады.
Республика бойынша қараша айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-30 қараша аралығында) 22,7 млрд.теңгені құрады.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, қараша айында Алматы облысы бойынша 802,3 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 549,1 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.
МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы