Емхана және стационар қызметін бағалау

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылған сәттен бастап, Қор азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша үнемі жұмыс жасайды. Қор белсенді дамып, қазіргі заман технологиялары бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартып келеді.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ауруханалар мен емханалар қызметін бағалауға арналған мобильді қосымша әзірлеп шықты. «МСҚ: Халықтық бақылау» деп аталатын қосымшаны 2017 жылдың 6 қарашасынан бастап жүктеп алуға болады.

                «Қосымша бірден бірнеше мәселені шешіп береді. Біріншіден, азаматтармен жедел түрде кері байланыс орнатудың тағы бір каналы ашылады. Бұл емделушілер үшін клиника таңдау мәселесін едәуір жеңілдетері сөзсіз. Екіншіден, Қор серіктес-ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы мен пациенттердің қанағаттану деңгейі жайлы қосымша мәлімет алып отырады», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры  Забира Оразалиева.

                Денсаулық сақтау нысандарының рейтинг пайдаланушылар қойған баға негізінде, автоматты түрде жасалады. Содан соң МСҚ-ның fms.kz сайтында жарияланып отырады. «Мобильді қосымшаны телефонына орнатып алған азаматтар бұл рейтингті емханаға тіркелгенде немесе сала мамандарын таңдаған кезде пайдалана алады. Түптеп келгенде, мұның бәрі медицина ұйымдарын қызмет сапасын көтеруге ынталандырады деген үмітіміз бар», - дейді З.Оразалиева.

                Қор өкілдерінің айтуынша, пациенттер осы қосымша арқылы емханаар мен стационарлар қызметін әртүрлі өлшемдер бойынша бағалауға мүмкіндік алады. Олардың қатарында қабылдауға кеткен уақыт, сервистің деңгейі, дәрігер берген ем-домның дұрыстығы, түсініктілігі, қызмет көрсетуге жасалған жағдайлар сынды өлшемдер бар.Оған қоса, емделушілер өз пікірін еркін түрде жазып қалдыра алады. Қор алдағы уақытта бұл пікірлерді міндетті трде ескеріп отырмақ.

                Болашақта мобильді қосымша қызметтері жаңартылып, олардың тізімі кеңейеді.

 «Халықтық бақылау» қосымшасын Android платформасына негізделген смартфондарға Playmarket арқылы, ал, iOS платформасы үшін AppStore арқылы жүктеп алуға болады.

М.Клян,

 «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры»

 КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының  халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің

 сарапшысы.

Күнтізбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4725505