Жан жылуы жақсыдан
- Толығырақ
- Жарияланды 15.10.2021 08:54
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1010
15.10.2021ж
Өңіріміздегі Жаркент-Арасан шипажайының басшыларына дария кеуде ардагерлер атынан жүрекжарды алғысымды білдірмекшімін. Өйткені, ауырып ем іздегенде, дертіңе дауа болар орын осы Жаркент-Арасан шипажайы.
Демалысымызға мән беріп, уақытымызды тиімді өткізуге жағдай жасап отырған осындай шипажайды басқарып отырған Нариман Тельманұлының еңбегін осы тұста айта кеткен орынды болар. Ол кісі басқарып отырған Жаркент-Арасан шипажайы бүгінде көп адамның ыстық ұясына айналған мекен десем артық айтпағандық емес. Сондай-ақ, осы мекемеде қызмет ететін медицина қызметкерлеріне де абыройлы, жоғары дәрежедегі еңбектері үшін, халыққа көрсеткен қамқорлықтары үшін демалушылар атынан алғысымызды білдіреміз.
Сондай жанның бірі өз қызметін сүйіп халқының салауаттылығын жауапкершілікке алып, күн-түн демей, өз қызметін адал орындап жүрген аға бас медбике Сақатай Изембаева медицина саласында 47 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан абзал жан.
Тағы сондай жанның бірі өте сыпайы, мәдениетті, халықты сабырлыққа шақырып, тәжірибесі мол медицина саласында көп жылдардан бері жұмыс істеп келген Гүлнара Келдебековаға және мемлекеттік тілді еркін меңгерген (диета бойынша медбике) Оксана Лабунцуоваға алғысымыз шексіз. Ал мекемедегі ем-шара қызметкерлері Әсем, Айнұр, Әлия, Ақмарал, Гуля Абылқасымова, сондай-ақ, дәрігер-фельдшер Шавкет Адуллаев сияқты тәжірбиесі мол мамандарымыз емделушілердің қан қысымын өлшеп, күнделікті медициналық көмек көрсетіп отырады.
Демалушыларымызға күнделікті асханадан 3 мезгілде ыстық тамақ, 2 рет қосымша айран, сүт, жеміс-жидектер мен көкөністер беріліп тұрады. Аспазшыларымыз демалушыларға өте дәмді және дәрумендерге толы тамақтармен қамтамасыз етіп отырады. Өз өмірінің 15 жылын осы жұмысқа арнаған Армила Чимбергенова және оның қол астында істейтін Күлтай, Нәзира, Бағдат, бас аспазшы Олжас Акежанов, Союзхан Күртебаева, Айгүл Айтқабылова сияқты аспазшыларымыз халықтың құрметіне және алғысына ие.
Демалушыларымыздың уақытын қызықты өткізу үшін кешкі сағат 20:00-ден бастап 22:00-ға дейін концерт, би кештері және қызықты спорттық ойындар ұйымдастырылып отырады. Демалушылар атынан ұйымдастырушылар Айдын және Салиха Байкеевнаға рахметімізді айтамыз.
Жаркент-Арасан шипажайының ауасы таза, жанға қуат беретін, мекемеде оннан артық кабинеттер ауруға ем алатын заманауи заманға сай технологиялармен жабдықталған.
Жаз мезгілінде шипажайға 300-400-ге дейін демалушыларды қамтамасыз етеді.
Демалыс орнының құрылтайшылары Серік Ақсубаев және жұбайы Гүлнәра Қазбекқызына зор денсаулық, отбасына амандық, жұмыстарына табыс тілейміз.
Әлия Айсаева,
зейнеткер, еңбек ардагері.