Өз ісіне берік Серік
- Толығырақ
- Жарияланды 06.12.2017 09:57
- Автор: Super User
- Категория: Денсаулық
- Қаралды: 1929
Аллаға шүкір, арамызда аңқылдаған ақкөңіл мінезді адамдар аз емес. Олар туралы айтқанда көбінесе «Аузын ашса, жүрегі көрінеді» деп жатамыз. Сондай абзал азаматтың бірі –тәжірибелі тіс дәрігері Серік Алтынбеков.
Қырық жылға жуық қызметінде өзі де талай-талай адамның аузын ашып, тісін емдеген оны ауданымызда танымайтындар кемде-кем. Арасында үлкені де, кішісі де жетерлік. Өйткені ол Қоңырөлең орта мектебін 1973 жылы бітіріп, әскери борышын өтеп келгеннен кейін, 1977 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтына түсті. Бұл білім ордасын 1982 жылы бітіргелі бері бір ғана мекемеде - Панфилов аудандық емханасында күні бүгінге дейін қызмет етіп келеді. Сондықтан адамгершілігі іскерлігімен астасқан Секеңді барлығы да қатты құрметтейді. Ол қашан да алдына келген сырқат жанды ізетпен қарсы алып, жылы шы раймен жан дауасын жасайды. Өзінің теориялық білімін көп жылғы тәжірибесімен ұштастырып, тіс емдеудің қыр-сырын жетік меңгерген. Секеңнің отбасын «Дәрігерлер әулеті» десе де артық емес. Жұбайы Жорхабава Әнтай ұзақ жылдар бойы мейірбике болып қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ортаншы қызы Айжан - акушер- гинеколог. Ұлы Дәурен Алматыдағы Асфен дияров атындағы у н и в е р с и т е т т і ң 5-курсында стоматолог мамандығы бойынша оқуда. Лаура, Айнұр, Әйгерім атты қыздары да өмірден өз орындарын тапқан. Желкілдеген құрақтай болып төрт немересі өсіп келеді.
Нұр Әділ .