Алматы облысында АИТВ жұқпасының 272 жағдайы тіркелді

Үстіміздегі жылдың 10 айында адам иммунтапшылық вирусымен қоздыратын инфекциялық ауруды жұқтырған 272 адам анықталды.   Жыныстық пайызға шаққанда 56%-ы ерлер, 44%-әйелдер. Әлеуметтік құрамына сәйкес басым көпшілігі жұмыссыздар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ақашева Рая баяндады.

 

Жалпы Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін 20556 адам тіркелген. Соңғы бес жыл ішінде бұл сан 1,5 есеге ұлғайды, бұл ретте жыныстық берілу жолының артуында тұрақты үрдіс байқалады. Соңғы он жылда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өлімі 2,5 есеге қысқарды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 80% -ы ЖИТС-тен емес, үйлескен АИТВ-жұқпасынан қайтыс болады. ЖИТС қызметінің соңғы он жыл ішінде жеткен басқа да жетістігі – анадан балаға АИТВ-жұқпасының берілу деңгейі төрт есеге төмендеп, АИТВ-жұқпасы бар жүкті әйелдер 98%-да дені сау бала босанады.

 «Алматы облысында АИТВ жұқпасын жұқтырған 2500 адам тіркелген. Ол көбіне жыныстық қорғаныссыз жыныстық қатынасқа түсу  кезінде, сонымен қатар,  парентеральды түрмен яғни қанмен және оның құрауыштарымен шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда. Осы індеттің алдын алу, оның жұқпалы екенің түсіндіру біздің міндетіміз», - деп қорытындылады Р.Ақашева.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net