Жаңа жүйенің тиімділігі

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен елімізде міндетті  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Осыған орай шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігерінің орынбасары Ерболат Нұрғазыұлы Бегімбековтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылығы өте көп.

 

            Мәселен, аталған жүйе медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайтып, олардың жалақысының  өсуіне әсер етеді. -Бүгінгі іс-шараның мақсаты – елімізде жаңадан енгізілетін жүйе туралы халыққа ақпарат беру. Өйткені бұл мәселеде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы жоғары. Көптеген дамыған мемлекеттер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам елдің тәжірибесі зерделенді.

            Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына аталған жүйенің тиімділігі туралы жан-жақты түсіндіріліп жатыр, - дейді ол. Шара барысында емхана қызметкерлері халыққа сақтандыру жүйесі туралы егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ медицина қызметкерлері тұрғындардың әртүрлі сұрақтарына жауап берді.

Б. БЕЙСЕНҚЫЗЫ.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4124212