Ауылдағы жаңа амбулатория

Тұңғыш Президент күні Шолақай  ауылында ауылдық амбулатория ашылды.Ауыл тұрғындарының үлкен қуанышына айналған бұл шараға Шолақай ауылының азаматтары, ардагерлері мен медицина қызметкерлері қатысты.Шолақай дәрігерлік амбулаториясында зертхана, тіс емдеу,балалар бөлімі сияқты басқа да қажетті бөлімдер бар.Онда жоғары білімді 3 дәрігермен бірге барлығы 26 адам жұмыс істейді.Күндізгі емдеу бөлімінде 4 адам емделе алады.Күніне 50 адам қабылдай алатын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы сапалы жасалған.

 

                Шолақай дәрігерлік амбулаториясының ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Б.Абдулдаев пен Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Э.Ахметова және облыстық мәслихаттың депутаты, «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  директоры Т.Сарпеков, зиялы азаматтар  болды.

                Лента қию рәсімі жасалып, дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Муқадәс Амраеваға аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев жедел жәрдем машинасының кілтін табыс етті.Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Э.Ахметова мен ауыл ақсақалы К.Ноғайбеков сөз алып ізгі тілектерін айтты. Ауыл тұрғыны Бердіқожа Әбуов ақсақал бата берді.

                Келушілер жаңадан салынған амбулаторияның ішін аралап көріп,заманауи талаптарға сай екеніне көз жеткізді.Шара соңында мерекелік дастархан жайылып,ас берілді.

Б.Жұмағазы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

booked.net